Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет38/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   181
2. Тарихи деректер. Қазақтарда жазба әдебиет інің өзіндік ұлт тық 
нақыштағы түрі ерекше өріс алды. Соның ішінде халық ауыз әдебиетiнiң 
тарихи әңгiмелер деген жан ры күштi дамыды. Әңгімелерде қазақ 
халқының тарихы қамтылды. Ондай әңгiмелердi 
әдетте көпке белгiлi 
билер мен шешендер айта-
тын. Дәс түрлi қазақ қо ғамында олар керемет зор 
сый-құрметке бөленетiн. 
Той, астарда дала ның 
қызыл тiлге шебер шешендерi өз тың даушыларын 
қызықты та рихи 
ертегi, әңгiме, хикаяттармен 
таныс тыратын.
Тарихи әңгiмелерде ұлағатты нақыл сөздер мен 
мақал-мәтелдер жиi айтылатын. Мұның жастарды 
тәрбиелеуде маңызы зор болды. Жастар естiген 
әңгiме ле рiн есте сақтап, одан үлгi-өнеге алды. Атап айтқанда, Төле би, 
Қазыбек би, Әйтеке би айтыпты деген әңгiмелер мен нақыл сөздер бiз дiң 
заманымызға дейiн жеткен. 
ХVIII ғасырдағы тарихи әңгiме лер дiң негiзгi тақырыбы – қазақ 
халқының жоңғар шапқыншылығы на қар сы күресi мен Едiл қалмақ-
тарымен болған соғыстар. Белгілі орыс ғалымы Б. Куфтин былай деп 
жазды: 
«Жалпы қазақтар туа біткен шешен халық: өзінің ойын, пікірін 
сөз кестесіне салып, көркемдеп, мәнерлеп, бейнелеп жеткізеді».
3. Шежiре. ХVIII ғасырда әрбiр қазақ отбасында өзiндiк ше жiресi бо-
латын. Көшпелi өмiр салтын ұстанған қоғамда генеалогия ны бiлу мiндеттi 
парыз еді, тегiн бiл меген тексiз саналды. Егер қожалар мен сұлтандар 
өздерiнiң шығу те гiн жазбаша шежiре арқылы анықтаса, дала төсiнде 
көшiп-қонып жүрген қазақтар бұл ақпаратты ауызша айтылатын дерек-
терден алды. Ше жiре қазақ қоғамында маңызды рөл атқарды: 
бiрiншiден, 
шығармашылықпен 
айналыс
Тәтіғара жыраудың «Кеше 
тоқыраулы судың бойын-
да» деген өлеңі кімге 
арналған, ондағы тарихи 
деректерді анықта.
шығармашылықпен 
айналыс
Төле, Қазыбек, Әйтеке 
би лердің нақыл сөздер 
топтамасын әзірле. Өмір-
лік ұстанымың ретінде 
қайсысын таңдар едің? 
Себебін түсіндір.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


47
ел би леу шiлерiнiң көшпелi қоғамды бас қаруына, 
екiншiден, ата тарихымызды кезең-кезеңiмен есте 
сақтауға көмектестi.
Әрбiр көшпелi қа зақ халқының өткен өмiрiн 
өз отбасы, ру-тайпасы ның тарихи көрi нiсi ретiнде 
қабылдады. Тарихи оқиғалар оның ата-бабаларының өмi рi төңiрегiнде 
өтiп жатқандай көрiндi. Даңқты ата-бабалар тура лы деректер қосымша 
ақпараттармен толықтырылып отырды. Қазақтар жас ұрпақты есiм дерi 
ел аузын да аңызға айналған ата-бабаларының тамаша өмi рiнен үлгi-
өнеге алатындай етiп тәрбиелеуге тырысты. 
Үшiншiден, шежiре қоғам ды 
әлеуметтiк реттеп отыру мiндетiн де атқарды. Мәселен, от басы лық неке 
қатынастарын, мал жайылымдарын бөлу мәселеле рiн қадағалады. Үлкен 
ас, тойларда, құрылтай жиналыс та рында қонақтарды жол-жоралғымен 
орналастыруда да, халықтық жасақтар құрудың ежелден қалыптасқан 
тәртiбiн сақтауда да шежiре нiң рет теушiлiк рөлi зор болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет