Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет37/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   181
жыраулар ерекше орын алады.
Қазақтың көрнектi жырауларының бiрi – 
Ақ-
тамбердi жырау Сары ұлы. Ол жоң ғарларға қарсы 
көптеген жорық тарға қатысқан және батыр ретiнде де 
белгiлi болған жырау. ХVIII ғасырдың 50-жылдарын-
да жоң ғарлардан азат етiлген жерлерге қазақтардың 
қайта оралуын басқарды. Ақтамбердi жыраудың бүкiл 
шығармашылығы елдi ерлiкке, қаһар мандық пен 
батылдыққа үндеуге арналды. Оның кесе несi Шығыс 
Қазақстан об лысы ау ма ғындағы Жүрекжота шо-
қысының баурайында осы уақытқа дейiн сақталған.
ХVIII ғасырда қазақтардың арасын да атақ-даң қы 
кеңiнен таралған жырау, қазақтардың әдет-ғұрып 
тірек сөздер:
• Ақын
• Жырау
• Ақтамберді жырау
• Үмбетей жырау 
• Тәтіғара
Тарихи деректер
Жыршы.
Н. Г. Хлудовтың 
суретi 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


45
заңдары мен ше жi ресiнiң ға жа йып бiл гiрi, би әрi да-
нышпан ди пломат, мемлекет қай раткерi 
Бұқар Қал-
қаманұлы болды. Ол қазiргi Павлодар облысының 
Баяна уыл ауданындағы Далба тауы ның етегiнде 
дүниеге кел ген. Әкесi Қалқаман батыр да ерлiгiмен 
және жаужүрек батылдығымен халыққа кеңi-
нен танымал болған едi. Халық арасында Бұ-
қар жырау 
«Көмекей әулие» атанды. Бұқар 
жырау көптеген терең ойлы, ғибрат аларлық 
өсиет өлең дер шығарды. Олардың негiзгi идея-
сы Қазақ хандығының тәуел сiздiгiн сақтау мен 
нығайту мәселесiне арналды. Бұқар жырау 
Абылайдың тұсындағы данагөй билердiң бiрi. 
Ол ханның ең жақын кеңесшiсi әрi сенiмдi се-
рiктерiнiң бiрi болды. Өзiнiң тол ғауларында 
Абылайдың мiнiн ашық та батыл айтумен 
бiр ге оны прогрес шiл мемлекет қайраткерi ретiнде де мадақтады:
«...Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай еш мiнiң.
Алтын тақтың үстiнде
Үш жүздiң басын құрадың, 
Жетiм менен жесiрге
Ешбiр жаман қылмадың.
Әдiлдiкпен жүрдiң сен,
Әдептi iске кiрдiң сен...»
Бұқар жырау шын дықты бетiң бар, жүзiң бар демей, әрқашан тура 
айтқан. Болашақты болжай бiлетiн көрiпкелдiк дарыны да болған. Ол 
өзiнiң жыр-толғау ларында патша үкiметiнiң алыс ты 
көздейтiн отаршылдық саясатының зардабы болашақта 
қан дай болатынын күнi бұрын сезiп, болжай бiлдi. 
Бұқар жырау шы ғармаларының негiзгi тақырыбы – 
туған елге, өскен жерге деген шексiз сүйiспеншiлiк, 
отаншылдық, қазақ батырла рының ерлiгiн мадақтау. 
Сыртқы жаулардан қатер төнген кезде ха лықты 
жұмылған жұдырықтай бiрлiкке, топтасуға ша қырды. 
Ол Қазақстанның өз алдына күштi, бiр орталыққа 
бағынған әрi тәуелсiз мемлекет болуын армандап өттi. 
Бұқар жыраумен замандас және оған идеясы жа-
ғынан жақын 
Үмбетей Тi леуұлы болды. Ол жоңғар-
Бұқар жырау
ХVІІІ ғасырдағы тарихи 
оқиғалар ақын-жыраулар 
шығармаларында қалай 
көрініс тапты?
ойлан!
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым, айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықты
Жалынды жүрек қан қайнап.
Елді-жұртты қорғайлап, 
Өлімге жүрміз бас байлап!
Ақтамберді жырау өлеңінде 
қай жауды меңзеп тұр?
ізден!
Неліктен Абылай 
хан өзінің ішкі және 
сыртқы саясатында 
Бұқар жыраудың 
кеңесіне жүгінді?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


46
ларға қарсы жорық тардың бәрiне де қатысты. Қазақ 
ба тырларының көрсеткен ерлiгiн жыр лады. Қазақ 
халқының қас батыры Қанжығалы қарт Бөгенбайды 
жоқ тау және оның өлiмiн Абылай ханға ес тiрту 
сияқты жырлары халық жадында сақтал ған.
ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIХ ға сыр дың бас 
кезiнде Тәтiғара, Шал, Көтеш жы раулардың жыр-
лары халық арасында кеңiнен таралды. 
ХVIII ғасырдағы қазақ ақындары мен жыраула-
ры шығар малары ның басым көпшiлiгi ұрпақтан ұрпаққа ауызша жет кiзiлiп 
келдi. Тек ХIХ–ХХ ғасырларда ғана қазақ және орыс зерттеушiлерiнiң ел 
аузынан жазып алуы арқасында баспа бетiнде жарық көрдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет