48
Ән-жыр, айтыс сайыстарында жеңiп шыққандар бағалы жүлде, сый-
лықтармен марапатталды. Атап айтқанда, ондай жүлделi сы й лық тарға
тайтұяқ алтын, үйiрлi жылқы берiлетiн. Олардың даңқы ауыл- ауылға
тез тарап, барлық жерде өнер саңлақтарын зор құр мет пен қар сы алған.
Қыз ұзату, келiн түсiру тойлары салтанатты жағдайда
«Той бас -
тар» әнiмен басталатын,
жар-жар айтылатын. Ұзатылып бара жат қан
қыз өзiнiң ата-анасымен, жақын туған-туысқандарымен, ел-жұр тымен
қоштасарда қыздың мұңды әнi – «сыңсуды» айтатын. Келiн бо лып түскен
қызға оның қайын жұртымен таныстыру, ғибрат аларлық ақыл-кеңес,
өсиет айту мақсатымен
«беташар» рәсiмi жасала тын. Қайтыс болған
адамды
«жоқтау» сияқты ерекше азалы ән орын далатын.
ХVIII ғасырдағы қазақ әншiлерi мен ақындарының, сазгер лерi нiң
шығармашылығы арқасында бiзге
«Қобыланды батыр», «Қозы Көр пеш–
Баян сұлу», «Қыз Жiбек» сияқты ғажайып жыр-дастандар, сондай-ақ
«Ақсақ құлан», «Жошы хан» т.б. керемет күй туындылары жеттi.
Достарыңызбен бөлісу: