104
аттары мен қа руы бар. Ат пен қару бiзде жоқ деп кiм айта ала ды?
Бiздiң мұхит түбiндегi құмның қиыршығы сияқты көп екенiмiз өтiрiк
пе? Өздерiң мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстiк
пен оңтүстiкте де қаптаған қалың қырғызды (
қазақты. – авт.)
көре-
тiндерiң анық. Сөйте тұра неге бiз ат төбе лiн дей азғана жатжер лiктерге
бағынуға тиiспiз?!»
1838 жылы Есет батыр Ресейдiң Елек
бекiнiсiне
шабуыл жасауға
қа тысты. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бiрге Хиуа және Қоқан бас-
қыншыларына қарсы белсене күрестi.
1847 жылдың жазында Жем өзенiнiң бойында Есет батыр патша үкi-
метiнiң жазалаушы әскерiне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батырдың Ре-
сей әскерiне шабуылдары кейiн де жалғаса түстi. Патша әкiм шiлiгi Есет
батырға қарсы бiрнеше рет жазалаушы әскер жiбердi. Алайда туып-өскен
елiнiң жер жағдайын жақсы бiлетiн ол жазалау шы отрядты адастырып,
оларға таптырмай кетiп жүрдi. Оның үстiне, өз жiгiттерiн екi топқа бөлiп,
дұшпанды қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жiгiттерi Ресейдiң
сауда керуендерi мен жазалаушы әскер лерiне батыл да сәттi шабуылдар
жасап отырды.
Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргiзген
Есет батыр
1858 жылы өз еркiмен Ресей империясының бейбiт ке лi сiм
жасасу жөнiндегi шартын қабылдады.
Өйткенi ол
Ресейдiң аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан
әрi күрес жүргiзудiң пайда сы жоқ бос әурешiлiк бо-
лып шығатынын түсiндi. Патша үкiметi
оның бұған
дейiн Ресей империясына қарсы жүргiзген күресiне
ке шiрiм жасады. Батыр үй басынан алынатын түтiн
салығынан босатыл ды. Кейiнiрек ол тiптi Торғай облысындағы Ырғыз
уездiк бастығының көмекшiсi қызметiне тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: