Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет24/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
52
Әрекет (жоба) қайталымының аяқталуы үш кезеңмен анықталады:
– нәтижесі құрылып жатқан жүйе моделі мен оның жүзеге асу жоспа-
ры болып табылатын жобалау сатысы;
– нәтижесі жүйенің жүзеге асыруы болып табылатын технологиялық 
саты;
– нәтижесі жүзеге асырылған жүйені бағалау және оның болашақтағы 
түзетілімдері үшін қажеттілігі немесе жаңа өнімді «шығару» қажеттілігін 
анықтау болып табылатын рефлекстік саты. Осы кезектіліктің ең негізгі сәті 
болып мәселені қалыптастыру, жүйенің моделін құру, оның жүзеге асыры-
луын бағалау болып табылады.
А.М. Новиковтың пікірі бойынша, әдіснаманы құру және түсіну бір ұс-
таным мен бір логикада ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамасын, 
тәжірибелік, педагогикалық білім беру әрекетінің әдіснамасын және 
болашақта оқу және ойын әрекетінің әдіснамасын қарастыруға мүмкіндік 
береді. Әдіснаманың жалпы қызметі – ғылыми немесе жобалық әрекетті 
басқару.
Педагогика әдіснамасы мағынасы және мақсаты бойынша ғылыми 
зерт теуді немесе педагогикалық жобалауды ұйымдастыруды қалай жүр-
гізу, педагогика ғылымын немесе практиканы дамытуға қатысты болжам 
жасау, немесе қайшылықсыз педагогикалық теорияны құру, ғылыми із-
денудің алынған нәтижелерін дұрыс түсіндіру мәселелеріне жауап береді. 
Әдіснама зерттеушіге оның ғылыми жұмысындағы ақаулықтарды неме-
се ауытқушылықтарды көрсетеді, нақтылы қателіктерді анықтайды және 
оларды қателердің жалпыға белгілі тұрпатына жатқызып, ғылыми-зерттеу 
немесе жобалау-қайта құру міндеттерін шешуде нақтылы тапсырмаларды 
міндеттейді. Нені зерттеу немесе жобалау қажет? деген сұрақтың орны-
на әдіснамашы: қалай зерттеу немесе жобалау керек? деген сауал қояды. 
Осыған орай педагогика саласында әдіснамалық талдау объектісі педаго-
гика ғылымы мен педагогикалық практиканың міндеттері, үлгілері және 
түрлері, шарттары мен дереккөздері, логикасы түрлі ғылыми білімнің басқа 
салаларымен өзара байланысты болады.
Ғалымдардың пікірінше, әдіснаманың негізгі қызметі адам әрекетінің 
бүкіл әмбебаптығы арқылы атқарылады.
Негізінен, әдіснама осындай тәжірибеге емес, ғылыми әрекет тәжі-
ри бесіне де қатысты түсіндіріледі. Әдіснаманың тағы бір қызметі – гно-
сео логиялық қызметін өткеру қажет. Басқа да қызметтері: тәжірибе мен 
теорияға қатысты шығармашылықты түрлендіру, педагогикалық болмыс 
әдістерін, педагогикалық құбылыстардың түрлену әдістемесін жасау. 
Әдіснама теориясына қатысты ақпараттық қызметті, яғни жалпы жаңа 
педагогикалық идея мен зерттеудің бағыттарын ашу және негіздеу қажет, 
жалпы жаңа педагогикалық идея мен зерттеудің бағыттарын іздестіру және 


53
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері, негізгі ұғымдары
табу. Осылайша, әдіснамалық педагогикалық зерттеудің теориялық мо де-
лін де бір-бірінен айырылмас күрделі байланысы бар екі негізгі құрамдас 
бөлігін көрсетеді. Олар: нормативті және дескриптивті әдіснама. 
Бұл әдіснама типтерінің қызметі әртүрлі. Нормативті әдіснаманың 
жалпы қызметі жағымды ұсыныстарды жасау мен ғылыми іскерлікті жү-
зеге асыру ережелері негізінде құрылымды міндеттерді шешумен бай-
ланыстырылады. Дескриптивті талдаудың қызметі ретінде жүзеге асы рыл-
ған танымның ретроспективтік сипаттамасы болып табылады. Зама науи 
педагогикалық және жеке-дидактикалық зерттеулердің талдауы көр сет-
кендей, оларда айтарлықтай деңгейде нормативті әдіснамалық талдау кө-
бі рек қолданылады. 
Жоғарыда айтылған әдіснама типтерінің жалпы қызметтері ішінен 
жиірек кездесетін қызметтері жүйесі бар, соның ішінде: 1) мәселенің құ ры-
лымдық, сонымен қатар формалды тұрғысынан да қойылуын қамтамасыз 
етеді; 2) қойылған міндеттер мен мәселелерді шешу үшін сәйкес жолдарды 
анықтауға мүмкіндік береді (ғылыми шынайылықтың зияткерлік техника-
сы); 3) зерттеудің ұйымдастырылуының жетілдірілуі. 
Дескриптивті (лат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет