45
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
Ақыл-ой еңбегінің жалдамалы қызметкерінің кәсіби қызметінің түріне
айналған ғылыми-зерттеу қызметі өзінің құндылық бағдарын жоғалтпауы
тиіс. Олар ғылымды мәдениеттің, әсіресе білім беру жүйесінде, тәрбиеде,
оқытуда және қоғам мүшелерінің инновациялық іс-әрекетте айқын
көрінетін ерекше формасы ретінде сақтайды.
Ғылымның мәдени қызметі өзін адамды ғылыми қызмет пен танымның
субъектісі ретінде қалыптастыратын үдеріс есебінде көрсетеді. Жеке та-
ным
айрықша жағдайда жаңартылған, әлеуметтік формада жасалады.
Ғылымның мәдени мәні зерттеушілік ізденістің этикалық және құндылық
толыққандылығын, ғылыми жаңалықтың салдары үшін әлеуметтік жауап-
кершілік, ғалымның адамгершілік көзқарасын, ғылыми ұжымда жоғары
адамгершілік ахуал талап етеді.
Ғылыми еңбектің мәдениеті коммерцияландыру тәуекелін төмендетуге
мүмкіндік береді, ғылыми ізденістің жан-жақтылығын жүзеге асыруға, са-
тыларда тұрып қалмауға, ақиқатты іздеумен, қанша кіріс кіретіндігімен
ғана байланысты емес, ғылымды өндірісте қолданудың жағымсыз салдары-
на әкелетін ұмтылысқа да көмектеседі.
Педагогикалық ізденістер, оған қоса нәтижесі білім беруді дамыту жос-
парын
жасақтауға пайдаланылатын, ақыл-ой және руханият қоғамының
қалыптасуын қамтамасыз ететін өзінің басымдық әлеуметтік қызметін
атқаруға міндетті.
Қазіргі заманғы білім беру мен ғылым үшін жалпы екі мұрат ерек-
ше ленеді: 1) адамзаттың өмір сүруіне ерекше көңіл бөлетін және кейінгі
ұр пақпен тек білім жиынтығы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік
және моральдық құндылықтарды тасымалдауға ерекше назар аударатын –
неогуманистік; 2) адам баласы өмір сүруге жағымды жағдай жасауды талап
ететін – экологиялық.
Ғылыми дидактикалық жұмыстың табысты болуы үшін
зерттеушіге
ойлаудың постаналитикалық тәсілін қолдануды талап ететін пост клас-
си калық емес әлемнің ғылыми бейнесін сезіну өте маңызды. Ол бірден
талдаудың үш аймағын уақыт жағынан дәл сәйкес келтіреді: а) тарихи;
ә) сыни-рефлексивті; б) теориялық. Бұл дидактикалық ақиқатты зерделеу
және ұсыныстарды жасақтау кезінде ғылыми және ғылымнан тыс фак тор-
лардың өзара қарым-қатынасын, синергетика көзқарасын, жаңа ғылыми-
педагогикалық парадигманы қаперге алуға мүмкіндік жасайды. Ғылымның
мұраты мен нормалары ол үшін реттеуші ұстаным ретінде қызмет етеді.
Олар мақсат, зерттеу әрекетінің жүрісін береді және нақты-тарихи сипаты
болады.
Сөйтіп, ортағасырлық теологиялық
құндылықтарды ұстанушыларға
ғылыми ақиқатқа еркін ізденіс жасау, зерттеуде қатаң детерминизмді
жоғары дәрежеде ұстау дәуірлеп тұрғанда кездейсоқтыққа жол берілмей,