Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет23/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
50
В.В. Краевский ғылыми-зерттеу әрекетінің осы екі түріне қарап, әдіс-
наманың екі қызметін бөліп көрсетеді: дескриптивті, яғни нысанды тео-
риялық зерделеуді сипаттаушы қызметі және зерттеуші жұмысы үшін ба-
ғыт беретін нормативті қызмет. Осы екі қызметтің болуы педагогика әдіс-
намасының негіздемелерін екі топқа бөлуді анықтайды: теориялық және 
нормативтік негіздер.
Педагогикалық әдіснаманың теориялық негіздеріне жататындар: әдіс-
наманы анықтау; ғылым әдіснамасының, оның деңгейлерінің қызмет жүйе-
сі мен білім жүйесі ретіндегі сипаты (жалпы философиялық, жалпы ғы-
лыми, нақты ғылыми, зерттеу техникасы мен әдістерінің деңгейі); педаго-
гика саласындағы зерттеу қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету көздері; 
пе дагогика саласындағы әдіснамалық талдаудың нысаны мен пәні.
Педагогика әдіснамасының нормативтік негіздеріне: педагогикадағы 
ғылыми таным; педагогика саласындағы ғылымға жататын жұмыстардың 
анықтамалары; мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы нысанын анықтау; 
педагогикалық зерттеулердің типологиясы; танымның арнайы құралдарын 
пайдалану; педагогика саласындағы ғалым өзінің ғылыми жұмысын бағалай 
алатын зерттеудің сипаттары жатады. Бұл негіздер арқылы әдіснамалық 
зерттеудің объективті сапалары бейнеленген. Олардың нәтижелері педагог-
зерттеушіге педагогика әдіснамасы мен әдіснамалық рефлексиясының маз-
мұнын толықтыратын элементтер ретінде қызмет етуі мүмкін. Нор мативтік 
бөлімінде олар білім берудегі нақты зерттеудің сапасы мен тиімділігін 
бағалауда қолданылады. Жалпы алғанда меңгерілген білімдер педагогтің 
әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың негізін құрайды, оның құрамы 
келесілерді қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін 
талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты 
тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары 
мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Жетекші құрауыш әдіснамалық рефлексия болып табылады, ол зерт-
теушіге өзінің ғылыми жұмысын талдап, жетілдіруге, ал ЖОО оқытушысы-
на болашақ зерттеушілерді даярлауды заманауи ғылым деңгейінде жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық зерттеулердің сапасын артты-
ру үшін екі бағытта әрекет қажет: әдіснамалық білім бар ғылым саласын 
жетілдіру және осындай білімдерді педагог-зерттеушілерді даярлаудың 
маз мұнына енгізу қажет. Зерттеушінің әдіснамалық рефлексиясының маз-
мұны зерттеу сапасын бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық зерт теу-
дің келесідей сипаттарында көрінеді: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу 
объектісі, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжам, жаңалық, ғылым үшін 
маңыздылығы, тәжірибе үшін маңыздылығы.
Әдіснамалық мәдениет – жалпы ғылыми іргелі білімділік, әдіснамалық 
білімді меңгерген, оқу-зерттеу әрекетіндегі шығармашылық, өзін-өзі да мы-


51
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері, негізгі ұғымдары
туға құндылық бағдарлар жүйесі, тұлғаның тұтас, біріккен сипаттамасы. 
Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын 
В.И. Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық 
білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдістері және оқыту мен 
тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану 
шарттары туралы білім».
Педагогиканың әдіснамасы өзіне:
– педагогикалық білім құрылымы мен әрекеттері туралы білімді;
– жалпы ғылымдық мазмұндағы ағымдағы, негізгі, іргелі педа го ги-
калық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдарды;
– педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білімді;
– тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы 
білімді біріктіреді.
Тұтас мемлекет немесе жеке аймақ деңгейінде бүкіл білім беру тә жі-
рибесінде реформа және педагогика ғылымының парадигмасында өз ге ріс 
болуы мүмкін, бірақ педагогика ғылымында әдіснамалық талдауды жа-
ңартудың әдістері мен ғылыми мазмұнын байытудың қажеттілігі өз гер-
мейді. Қазіргі таңда ғылыми қауымдастықта педагогика әдіснамасының 
ғылыми мәртебесін түсіну қалыптасты. Педагогика әдіснамасы:
– педагогикалық дамудың жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйе 
ре тінде педагогикалық практика объектілерін жобалаудың жаңа әдістері-
мен, ғылыми жүйе ретінде ізденумен байланысты; осы әрекеттің ұйымдас-
ты ры луы, мазмұны, құралдары және нәтижелері қағидаларында теориялық 
жүйе ретінде түсініледі;
– ғылыми таным және педагогикалық болмысты қайта құру әдіс-
на масы педагогикалық ғылым және педагогикалық практиканы дамыту 
әдіснамасы ретінде қаралады және біртұтас жүйедегі түрлі әдіснама ретінде 
қызмет етеді.
А.М. Новиков әдіснаманы білім беру саласы үшін әрекетті ұйымдасты-
ру туралы білім ретінде қарастырды (ғылыми, тәжірибелік, педагогикалық, 
білім беру, оқу, ойындық). Әрекет белгілі бір сипаттамалармен, логикалық 
құрылымымен және жүзеге асыру үдерісімен реттеледі. Логикалық құры-
лы мы өзіне келесі құрауыштарды қамтиды: субъект, объект, пән, формалар, 
құралдар, әрекет әдістемелері, оның нәтижесі. Осы құрылымға қатысты 
сыртқы сипаттарға мыналар жатады: ерекшеліктері, қағидалары, шартта-
ры, нормалары.
А.М. Новиков әрекетті жүзеге асыру үдерісін белгілі бір уақыт ара лы-
ғындағы кезең, саты бойынша реттілікпен жүзеге асырылып жатқан жоба 
шегінде қарастырады (әрекетті ұйымдастырудың сыртқы құрылымы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет