63
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Психологиялық-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеу-
дің тағы бір қағидасы – тарихилық пен логикалықтың бірлігі. Нысанды,
яғни объектіні тану оның даму логикасын, тарихын елестетеді.
Зерттеудің тағы бір қағидасы – жүйелілік, демек зерттелетін нысанды
жүйелілік тұғыр негізінде зерделеу. Жүйелілік тұғыр жүйенің құрылымын
және оны басқарудың қағидаларын анықтайды.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде диалектиканың катего-
рия лары (мән және құбылыс; себеп және салдар; қажеттілік және кез дей-
соқтық; мүмкіндік
пен шындық болмыс; мазмұн және форма және т.б.)
маңызды әдіснамалық рөл атқарады. Диалектиканың категориялары пе-
да гогқа білім беру үдерісінің күрделі мәселелерін шешуде сенімді әдіс на-
малық құрал болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық мәселелерді зерттеуде диалектиканың
заңдарынан туындайтын әдіснамалық талаптарды орындау да қажет. Қа-
ра ма-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы қайшылықтар (ішкі және
сыртқы және т.б.) арқылы көрінеді. Психология мен педагогикада тұлға
дамуының қайшылықтары жүйеленген (сыртқы факторлар арасындағы
қайшылықтар; сыртқы және ішкі факторлар арасындағы қайшылықтар; іш-
кі қайшылықтар арасындағы қайшылықтар).
Диалектиканың сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналу заңы
кез келген психологиялық-педагогикалық құбылыстарды олардың сапалық
және сандық сипаттамаларының бірлігінде зерттеуді талап етеді.
Теріске шығаруды теріске шығару заңы ескіні алып тастау мен жаңаны
орнату дамудың сатылы кезеңдерінде жүзеге асады, теріске шығарудың өзі
прогрестің алғашқы сәті болып танылады.
Бүгінгі күні өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылық бағдар-
лар қалыптастыру мәселелерінің басты
назарда болу себебі де сол, осы
мәселелерді шешу адам болмысының сипаты мен оның даму бағытын,
қоршаған әлеммен қарым-қатынасын белгілейді. Тәрбиедегі ең маңызды
әдістердің бірі – сендіру әдісіне ерекше тоқтала кетейік (кейбір ғылыми
әдебиетте бұл сөздің «көзін жеткізу» «иландыру», «нандыру» синонимдері
де қолданылып жүр). Оның мағынасы – қалыптасып келе жатқан тұлғаның
сана-сезімінің дамуы барысында
оған адамгершілік нормалары, мінез-
құлық пен қоғамда өзін-өзі ұстау және әлеуметтік қарым-қатынас ере же-
лерінің мәнін жан дүниесіне жеткізе отырып (эмоционалды түрде) тереңнен
түсіндіру.
Ғылымның түрлі саласында қолданылатын «тұғыр» термині күр де-
лі пәнаралық ұғымды білдіреді. Педагогика теориясы мен тәрбие әдіс те-
месінде ғылыми әдіснамалық тұғыр қандайда бір мәселеге қатысты зерт-
теуші-педагогтің қолданатын тиісті ұстанымдарын,
практик-педагогтің
педагогикалық, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін реттейтін әдіснамалық бағдары