Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет44/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Зерттеудің теориялық негіздерінің құрамын сипаттаңыз.
2. «Педагогикалық факт» ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз.
3. Сіздің зерттеуіңіздің негізіне қандай педагогикалық теориялар алынды?
4. Педагогикалық үдерістің заңдылықтарын түсіндіріңіз.
5. Келесі зерттеулердің теориялық негіздерін анықтаңыздар: 
6. «Самоорганизация учебной деятельности как фактор становления субъектности 
старшеклассников в профильном обучении» (Е.В. Камалетдинова);
7. «Описание новизны результатов педагогических исследований с позиции объ- 
ектно-компонентного метода» (М.А. Алтухова).
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің 
логикасы мен тұжырымдамасы
Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері
. Әдіснама-
лық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үде-
ріс тер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп 
қа рас тырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың біріншісі – біз қоятын 
мақсаттар сипаты. Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін. 
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қа рас-
тыру. Педагогика ғылымының объектісі – білім беру, яғни педагогикалық 
әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол 


1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
96
салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Үшінші 
белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім педагогикалық 
жұ мыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түр-
лерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және т.б. қолданады. 
Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т.б. 
әдістерін қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі – терминологияның бірмәнділігі. Бұл ғылыми 
қа ғидаға қойылатын міндетті талап. Оның дамуы барысында түсініктер 
үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми 
еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты 
еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің 
аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. 
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жа-
татындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы нысанының бөлі ніп зер-
деленуі, ғылымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, термино ло гия-
лық бірмағыналық сияқты белгілері бойынша анықталады.
Дидактикалық зерттеулердің ғылыми аппараты.
Ғылыми зерттеу 
– таным іс-әрекетінің бір түрі және жаңа ғылыми білім құру үдерісі. Ол 
шынайылығы, дәлелдігі, нақтылығы жағынан сипатталады. Ғылыми із-
деністің тиімділігі көбінесе зерттеу ізденісінің кезеңдері мен дұрыс нә ти-
жеге жеткізетін оның нақты қадамдарына, яғни зерттеу логикасына байла-
нысты. 
Ғылыми зерттеудің негізгі құрауыштары: зерттеудің өзектілігі, та қы-
рыбы, нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері болады.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы 
сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын анықтау.
Зерттеудің ғылыми аппараты мен логикасының құрылымы: 
– зерттеушінің алғашқы қадамы – зерттеудің нысандық саласын 
таңдау, яғни шешімін табуға тиісті маңызды мәселелер жинақталған бол-
мыс саласын таңдау (біздің мысалымызда педагогикалық зерттеулер). Зерт-
теу нысанын таңдау мынадай байланыста жүргізіледі: оның маңыздылығы, 
шешілмеген мәселелердің болуы, жаңалығы және өміршеңдігі. Сондай-
ақ зерттеу нысанын таңдауға ықпал ететін субъективтік себептер де 
бар: зерттеушінің білімі, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, икемділігі, 
қызығушылығы, зерттеу нысанының практикалық әрекеттің бағыттарымен, 
ғылыми ұжыммен, ғылыми жетекшімен байланысы;
– келесі қадам – зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау. Тақырып 
мәселені қамтуы керек, кезекті тақырыпты анықтау мен нақтылауда зерт-
теу мәселесін көрсету қажет. Мәселе – бұл белгіліден белгісізге, нақты 
«білім туралы білім іздеуге» көпір. Мәселені шешу сұраққа жауаптан 
былайша ажыратылады: мәселе қазіргі бар білімде орын алмайды және 


97
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
ғылыми ақпаратты қайта жаңарта құрумен алынбайды. Мәселенің мәні 
– анықталған дәйектер мен оларды теориялық ойластыру арасындағы, 
дәйектерді түрліше түсіндіру арасындағы қайшылықтарды ашу. Мәселенің 
көздері педагогикалық практикадағы қиындықтар, шешілмеген жағдаяттар 
болып табылады.
Ғылыми зерттеудің тақырыбы анықталған мәселенің құрамдас бөлігі 
болып табылады және көптеген сұрақтардың шешімін табу үшін зерт-
теу қисыны анықталады. Ғылыми мәселе ғылымның дамуы мен практи-
ка жағдайының арасындағы қайшылықтарды талдау негізінде қалыпқа 
түсіріледі. Ғылыми мәселелер қарастырылатын жеке тақырыптардың мақ-
сатын, нысандары мен зерттеудің соңғы нәтижесін жалпы түрде анық-
тай ды. Тақырып ғылыми зерттеуде белгілі мәселенің құрамды бөлігі бо-
лып табылады, біршама сұрақтарды шешуге арналады. Ғылыми мәселе 
қайшылықты талдау арқылы ғылым мен практика аясында құрылады: 
ғылыми және диссертациялық жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдауда сол 
зерттеген мәселеге байланысты барлық әдебиеттерді, диссертацияларды, 
авторефераттарды оқып, шетел әдебиеттерімен танысып, зерделеуге тура 
келеді; анықталған ғылыми мәселе ғылыми зерттеудің нақты тақырыбында 
өз көрінісін табады; тақырыпты таңдаудың басты кезеңі тақырыптың 
негіздемесі түріндегі құжатта көрініс табады; жұмыстың атауы қойылатын 
мәселенің мазмұнынан және соңғы нәтижеден құрылады және зерттеу ны-
санынан көрінеді; зерттеу көздерін оқу және ой елегінен өткізу қажет.
Ғылыми жұмыстың тақырып мазмұнына байланысты маңызды мына 
сұрақтарға жауап беру қажет: Зерттеу тақырыбыңыз? Не зерттеледі? Не 
үшін зерттеледі? Зерттеудің тақырыбы нені көрсетеді? Мына ұғымдардың 
айырмашылығын түсіндіріңіз: мәселе, сұрақ, қыр, мәселелік жағдаят. Зерт-
теу шілер үшін мәтінсөзді конспектілеп ой елегінен өткізу керек. Зерттеу 
тақырыбыңыздың дұрыс таңдалғанын келесі матрица көмегімен тексеріңіз: 
тақырыптың ғылыми бағытқа сәйкестілігі; әлеуметтік сұраныстың жа-
салуына, тақырыптың ғылым мен практика сұранысына бағыттылығы; 
тақырыпты құруға негіз болған мәселелер; зерттеу тақырыбындағы нысаны 
мен пәнінің ашықтығы; зерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге тұрақтауы.
Ғылыми немесе диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдау үшін 
басты көрсеткіштер:
– зерттеу сұрақтары бойынша әдебиеттермен және тәжірибелік көр-
сеткіштермен танысу;
– осы мәселе бойынша қорғалған диссертациялар тізімін қарау және 
олардың республикалық және шетелдік кітапханалардағы сақталған авто-
рефераттарын оқып-зерттеу;
– ғылымның басқа да саласындағы соңғы зерттеу жұмысының нәти-
же лерімен танысу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет