Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
204
Педагогикалық әдебиетте оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің
екі құрауыштан тұратын, нәтижесінде оның: репродуктивтік және зерт теу-
шілік сияқты екі түрі
анықталған, құрылымы талданған:
– негізіне оқушылардың іс-әрекетін үлгі бойынша көшірмелеу жата-
тын репродуктивті іс-әрекеттің артықшылығы;
– оқу ақпаратының іс-әрекеттің амалдары мен әдістерін жалпылау
элементтері бар және олардың есеп шығаруға ішінара ауысатын, оқу шы-
ларға ұсынылған үлгіге қарағанда аздап күрделірек репродуктивті іс-әрекет;
– ақпаратты қайта жаңғырту элементтері және соңғыларын барын ша
жеткілікті эталонға сәйкес келетін, олардан жеткілікті дәрежеде айыр ма-
шылығы бар, кең танымдық міндетке ауыстыру қатысатын белгілі іс-әрекет
амалдары бар шығармашылық-
репродуктивтік іс-әрекет;
– нәтижесінде оқушылар белгілі білімдер мен амалдарды стандартты
емес жағдайларда пайдаланатын және негізделген түпнұсқалық шешімдерді
ұсынатын шығармашылық-репродуктивті іс-әрекет.
Оқушылар мен мұғалімдердің білігі мен дағдысын, сонымен қатар
белгілі бір жеке тұлғалық сапаларының қалыптасу дәрежесін саралау бары-
сында жіктеу әдісі жиі қолданылады. Сондай-ақ, осы мақсатта зерттеушілер
тұрақтандыру және байқау эксперименттері туралы бөлімдерде кездесетін
рангілік немесе деңгейлік дәйектелімдерді ұсынады.
Мұндай жіктемелерді қанағаттандыруға тиіс талаптарды тұжы рым-
дайық:
1) жіктеу деңгейлерінің айқындалған әрбіріне сыналатын білік пен
дағдының қалыптасуының онша көп айырмашылығы
болмайтын нақты
деңгейі сәйкес келуі керек;
2) жоғарыдан төменгі «қатарға» ауысқан кезде бағалау сапасының үдеу
(өсу) дәрежесін немесе оның төмендеуге бағытталуын қарастыру қажет;
3) бұл төмендеудің мүмкіндігіне қарай біркелкі және өзара көршілес
деңгейлерге эксперименттік ауысу кезінде елеулі болуы керек (яғни, экспе-
римент жүргізуші өзінің зерттеуінің нәтижесінде алынған нәтижені қандай
деңгейге жатқызу керек екенін тез байқап, бейімделуі қажет);
4) барлық топтастыру «қатарында» бір ғана анықталған сапа немесе
білік бағаланады; ол құрамдас бөлігі болып табылатын жағдайда олардың
әрқайсысында алғашқы бөлінген құрауыштардың барлығы жиналуы мін-
детті, ал ауысқан жағдайда әр компоненттің әрқайсысында төмендеу дә-
режесі байқалу керек.
А.В. Усова мен З.А. Вологодская ойлау қабілеті әртүрлі оқушылардың
ойлау біліктілігінің қалыптасу деңгейі де әртүрлі
болатынын айтады
(қараңыз: Самостоятельная работа учащихся по физике в средней школе.
– М., 1981. – С. 35).
205
3.4. Педагогикалық эксперимент
Негізіне үш критерий алынған: сол немесе басқа ойлау операцияларының
орындалу толықтығы, олардың орындалу жүйелілігінің тиімділігі және
әрекетті сезінуінің дәрежесі.
Жіктеу деңгейлері:
– бірінші деңгей (төмен) оқушы тек белгілі бір амалдарды ғана орын-
дайтындығымен, оның үстіне реттілігі өте жүйесіздігімен сипатталды;
әрекет
тұтастай өте нашар ұғынылады;
– екінші деңгей (орташа) оқушылар барлық амалдарды орындайды,
оның ішінде әрекет тұтас берілетінді де, бірақ реттілігі жеткіліксіз ой лас-
тырылған, ал орындалуын түсіндіру де жеткіліксіз.
Рангілік жіктеуге тағы бір маңызды талап сыналушының сапа, біліктілік,
дағды және т.б. көрінім дәрежесінің бір жіктелу деңгейінен екінші төменірек
деңгейіне өткен кезде барынша бірқалыпты және елеулі эксперименттік
төмендеу болып табылады. Бұл талап, өкінішке орай, өте жиі бұзылады,
сөйтіп жіктеудің рангілік жүйесінің практикалық қолданысын қиындатады.
Сонымен, жіктеу – ғылыми білімді көрсетудегі кең тараған әдіс.
Бұл кез
келген ғылыми зерттеудегі тәуелсіз рәсім. Жіктеуді пайдалану барлық
ғалымнан талап етіледі [47].
Сөйтіп, жіктеу жүйесін жетілдіру жай ғана түгендеу емес, тіпті тек рет-
ке келтіру емес, бірақ құбылыстар мен үдерістердің мәні мен құрылымына
неғұрлым тереңірек үңілу және белгілі бір жүйеге келтіру болып табыла-
ды. Неғұрлым жіктеу кемелденген болса, теория мен практика солғұрлым
тиімді қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: