107
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
құбылыстарды бөліп көрсету; 2) зерттелетін пәндерді бірдей қамту және
белгіленбеген көрсеткіштерге сай мүшелеу; 3) қандай да бір үдерісті сан-
дық және сапалы сипаттауға бағытталған зерттеу; 4) зерттеуді дайын дау-
дың баяу қарқыны, тұжырымдамалар жасау, т.б. жатады (1990 ж.). Ди дак-
ти калық зерт теулер түсіндіру, болжау, практикалық және бағалау қыз ме тін
орын дай ды. Бұл қызметтер арасындағы байланыс дидактикалық зерттеуде
нақты болады.
Тұжырымдама – бұл ғылыми, техникалық және де басқа түрлі әре-
кет тердің жетекші ойы, ұстанымы (В.М. Полонский).
Тұжырымдама ма-
териалы ұсынылатын идея негізіне салынған жүйе ретінде берілуі керек.
Оның үстіне тұжырымдама белгілі бір құбылысты түсінудің тәсілі, оған
көзқарастар жиынтығы, үдерістердің жетекші идеясы, әрекеттің негізгі
түпкі мақсаты болып табылады. Тұтас алғанда тұжырымдама әдіснамалық
қызмет атқарады және ойлау әрекетінің ерекше тәсілі іспетті [198].
Дидактикалық зерттеулердің тұжырымдамалары. Философия мен пе-
дагогикада әдіснамалық тұжырымдамалардың әртүрлі жіктемелері, әдіс-
на малық ұстанымдардың түсіндірмелері кездеседі. Бұл әсіресе «әдіс на-
ма лық тұжырымдама» ұғымына көбірек қатысты.
Әдіснамалық мәсе лені
жүйелі шешу белгілі бір гносеологиялық ұстанымдар базасында құ ры ла-
тын әдіснамалық тұжырымдамада беріледі. Әдіснамалық тұжы рым да маға
тек философиялық ұстанымдар ғана ықпал етіп қоймайды. Әдіс на ма лық
тұ жырымдамалар ғылыми білімді дамытуды құрудың теориясы бол ған дық-
тан, ол да сондай немесе басқаша дәрежеде ғылымға және оның тарихына
бағ дарланады.
Әдіснамалық тұжырымдама мен әдіснамалық мектептерді төмендегі-
ше жіктеуге болады: 1) гносеологиялық мектеп (П.В. Копнин, Э.В. Ильен-
ков және басқалар); 2) Қазақстанның философиялық мектебі (Ж.М. Әбділ-
дин, Г.Г. Ақмамбетов, Ә.Н. Нысанбаев, О.А. Сегізбаев, Д.К.
Кішібеков,
В.А. Ким, М.М. Сужиков, А.Х. Қасымжанов және т.б.); 3) ғылымның ло-
ги калық-ма тематикалық әдіснама мектебі (С.Я. Яновская, А.А. Зиновьев,
В.А. Смирнов және т.б.); 4) жүйелі-әдіснамалық тұжырымдама (В.Н. Са-
довс кий, И.В. Блауберг, Э.Г. Юдин, А.И. Уемов және т.б.); 5) ойлау әрекеті
және ұйымдастыру – әрекеттік ойындар жүйесінің әдіснама мектебі
(Г.П. Щедровицкий және т.б.); 6) ақыл-ой мектебі (И.С. Ладенко және т.б.);
7) ұйымдастырушылық басқару жүйесін тұжырымдамалық жобалаудың
әдіснамалық мектебі (С.П. Никоноров және т.б.).
Тұтас тұжырым әртүрлі ғылымнан алынған білімді жай ғана құрастыра
салудан түзілмейтінін естен шығармау керек. Тұжырымдама құбылыс кө-
рінісінің категориялық инструментарийін, яғни зерттеліп отырған фено-
мен нің мәні, функциясы, құрамы, құрылымы туралы түсінікті береді. Зерт-
теу ші ғылыми-педагогикалық жұмыстың сапасы тұжырымдамалық құ ры-
1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
108
лымға немен байланысты екеніне өзінің зерттеу пәнін көру призмасы тұр-
ғы сы нан жалпы ғылыми және педагогикалық категориялар арқылы өзінше
тал дау береді.
Бірдей әдістемелік негізде жасақталған метатұжырымдама көзқарастар
жүйесіне құрылымға инвариант, яғни нысанның сипатына тәуелсіз түр де
енуі керек. Мұндай жұмыстардың мысалы автордың
мұғалімнің зерт теу-
шілік мәдениетін қалыптастыру мәселесі бағытындағы докторлық диссер-
тациясын орындау барысында тұжырымдаманы қарастыру және зерделеу
қызметі болып табылады [222] (5-кесте).
5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: