19
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
селесі өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.
Өйткені педагогиканың да-
муы ның күрделілігі, әртүрлі, кейде балама көзқарастардың, түрлі ғылыми
мектептердің, тұғырлардың, ағымдардың, бағыттардың болуы, нақты педа-
го гикалық пәндер санының көптігі қазіргі педагогиканы талдауға қажет
әдіснамалық тұғырды арнайы жасауды талап етеді. Бұл тұжырымдама пе-
дагогикалық пәндердің тұтас жүйесі ретіндегі педагогика ғылымы құ ры лы-
мын талдаудың негізіне алынатыны ақиқат.
Бұл ретте ғылыми пән оның құрылымының жүйе құрушы элементі
түрінде педагогиканың өзін-өзі рефлексиялауы мен дамытуын зерттеудің
өміршеңдігін қарастырады. Ғылыми пәннің талдау бірлігі ретінде алынуы
педагогиканың құрылымын сипаттауда қолданылатын жалпы ғылымилық
категориялардың ұғымдық аппаратын реттеуге мүмкіндік береді. Зама-
науи педагогикадағы жалпы ғылымилық ұғымдар осыған дәлел. Ғы лым-
ның дамуы ғылыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байла ны сы-
мен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Ғылымдардың жақындасу үде рі сі,
кешенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғылымдарға тән, бірақ бұл үде ріс
философиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің
пайда болуы на
ықпал етті. Мұндай интегративті сипаттағы түсіндірмелер ғылы ми бірнеше
пәндердің әлеуетін біріктіретін ұғымдар педагогикада да ке ңі нен қол да-
ны луда. Осы уақытта іргелі зерттеу жүргізу мұндай жалпы ғы лы ми лық
«жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағ дай»,
«ұйым дастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да түсініктерсіз мүм кін
емес.
Жалпы ғылыми түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойлас-
тыр ғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық болмыс», «пе-
дагогикалық жүйе», «білімдік үдеріс», «педагогикалық өзара әрекет тес тік»
сияқты сөз тіркестерімен байиды. Олардың қысқаша сипаттама сы тө мен де-
гідей. Бұл жалпы ғылымилық ұғымдар аясында жоғарыда көр сетілген үш
түсінікті қарастырамыз.
Жүйе дегеніміз – бірі өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара
байланысты элементтердің тұтас кешені. Зерделенетін нысанға жүйелі
тұғырды қолдануды анықтау есепке алынатын жүйенің ең қажетті сипат-
тамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құрылымы (олардың
арасындағы байланыс) және әрбір элементтердің қызметі, оның жүйедегі
рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның
бөлігі ретінде енуі мүмкін.
Философиялық тұрғыдан әрекет мазмұны – әлемді өзгерту мен қайта
құру болып табылатын адамның өзін қоршаған әлемге белсінді қарым-қа-
тынасы. Адам әрекетінің жеке түрлері – өндірістік, экономикалық, ғы лыми-
этикалық, педагогикалық әрекеттер кеңірек жүйенің, мысалы қоғамды тұтас
алсақ, соның бір кіші жүйесі болып табылады. Сонымен, жүйелілік және
1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
20
әрекеттік тұғырлар бірігеді де, қоғамдық әрекетке, жеке алғанда ғылыми
және педагогикалық әрекетке жүйелілік-әрекеттік тұғыр қолданылады.
Тұтас педагогикалық әрекет жүйесін құрайтын әрекеттің келесі түрлері
бы лайша ажыратылады:
практик-педагогтардың жұмысы;әкімшілік әре-
кет; білім беру үдерісін ұйымдастырушы; ғылыми-зерттеу әрекеті; педаго-
гика ғылымы нәтижелерін практикаға енгізу. Жүйе және әрекет туралы
ай тылғандардың бәрін есепке алсақ, педагогикалық әдебиеттерде жиі қол-
данылатын «педагогикалық жүйе» терминін түсінуге мүмкіндік туады.
Мұн дай жүйе өзінің құрамына, яғни оның элементтерінің мазмұнына бай-
ланысты нақты толықтырылады: оқытудың ұйымдастыру формалары не-
месе әдістері, білім мазмұнының құрылымдық жүйесі, әдістемелік жүйе,
тәрбие жүйесі және т.б. Бұл жүйені жасаушыға немесе оның зерттеушісіне
қойылатын басты талап – оны жүйелілік тұғыр тұрғысынан сипаттай білу,
құрамын, құрылымын және қызметтерін нақты белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: