Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Құстардың тыныс алу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет127/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

7.9. Құстардың тыныс алу ерекшеліктері

Құстардың тыныс органдарына көптеген құрылымдық жəне 

əрекет ерекшеліктері тəн. Олардың тыныс жүйесі мұрын қуысы-

нан, жоғарғы жəне төменгі (дыбыс) көмекейлерден, кеңірдектен, 

брон хылардан, өкпе мен ауа қапшықтарынан тұрады. Құстардың 

ты ныс жүйесінің жалпы сыйымдылығы оларға салмағы жағынан 

ша малас сүт қоректілер жүйесінің сыйымдылығынан 3 еседей 

көп. Бұл тыныс жолдарының күрделілігімен байланысты.

Құстардың ұзын кеңірдегі өкпеге кіре берісте оң жəне сол 

бронхыларға тарамданады. Олар көкірек-мойын қапшығына тар-

мақ береді де, өкпені бойлай өтіп, құрсақ қапшығымен жалғасады.

Өкпеде бас бронхыдан екі қатар – дорсальдық жəне вен-

тральдық, екінші реттегі бронхылар тарамдалады. Олардың бір-

азы өкпеден шығып, қапшықтармен жалғасады (бұл эктоброн-

хылар), ал қалған түрлері (эндобронхылар) өкпенің өзінде 

тұйық тала бітеді. 

Эндобронхылар пара-

бронхылармен жалғасады. 

Олардың өсінділерін ауа 

капиллярлары деп атайды 

(66-сурет). Нəзік дəне-

кер ұлпамен қоршалған 

пара бронхылар мен ауа 

ка пиллярлары 

бес-алты 

қырлы ұяшықтар тү 

зеді. 

Олар сырт пішіні жағы-



нан өрмекші торына ұқ-

сас көлденең жəне тік тү-

тікшелер жүйесін құрап, 

өк пе паренхимасының 

не   гі зін 

жасайды. 

Бұл 

түтік  шелер торы кіші қан 



66-сурет. Құстардың бронхылары мен ауа 

капиллярлары: 

А-жалпы схема; Ə - параброн-

хы; Б - парабронхы каналы; 1- не гіз гі бронх; 

2 - екінші реттік бронх; 3 - эктобронх; 4 - пара-

бронх; 5 - ауа капиллярлары; 6-бронх саңылауы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет