қатысуымен қабылдайды. Жайылымда жылқы шөпті еріндерімен
де – күрек тістер атқарады. Дəн, кебек жəне басқа ұнтақталған
азықтар еріннің қимылы арқылы аз-аздан қабылданады.
Жылқы мардымды шайнайтын малға жатады. Шайнау кезінде
ұнтақталады. Шайнау процесі кезінде еріндер жабық болады.
бірде сол жағымен шайнайды. Бір жағымен жылқы 40 минутқа
дейін шайнай алады. Шайнау процесінің ұзақтығы мен қарқыны
169
қабылданған азықтың физикалық қасиеттеріне (ылғалдығына,
қоюлығына -консистенциясына), оның құрамы мен мөлшеріне
байланысты. Мысалы, 1 кг сұлыны шайнау үшін орта есеппен 9
минут, ал 1 кг шөпке - 8 минут уақыт қажет. Азықтың əр бөлігін
шайнауға жақ сүйектерінің 30-50 қимылы жұмсалады.
Сиыр азықты негізінен тілдің көмегімен қабылдайды. Олардың
еріні нашар қимылдайды. Сондықтан сиырлар жейтін азықты
тілмен орап үстіңгі жақтың қызыл иек (дентальдық) табақшасына
басып, жұлқи үзіп алады. Ұсақ малдың еріндері қимылдағыш,
сондықтан олар азықты еріндерімен қамтиды да, төменгі жақ
сүйегіндегі күрек тістермен қызыл иек табақшасына тіреп қияды.
Қабылданған азықты күйіс малы үстіртін шайнап, сілекеймен
шылайды да, тез жұтады. Азықты қабылдау аралығындағы үзіліс
кезінде мал қарын жынын лоқсу арқылы ауыз қуысына қайтарып,
ұқыпты түрде шайнайды да, сілекеймен шылап, қайта жұтады.
Осы айтылған процестерді күйіс қайыру деп атайды.
Қой мен ешкіде күйіс қайыру азық қабылдағаннан кейін 20-45,
ал сиырларда 30-70 минут өткен соң басталады. Күйістің басталу
мерзіміне мес қарындағы жынның қоюлығы, жібу дəрежесі əсер
етеді. Күйіс тынығу жағдайында, мал жусап жатқанда тезірек ба-
сталады. Дегенмен, мал баяу қимыл үстінде, не түрегеп тұрып та
күйіс қайыра береді.
Қалыпты жағдайда күйістің бір кезеңі 40-50 минутқа созы-
лып, одан соң мал тыныстап отырады. Тəулігіне күйіс кезеңі 6-8
рет қайталанады. Мал көбіне түнде күйістейді.
Шошқа азықты тіл мен еріннің көмегімен, ит тамақты күрек
тістері мен сойдақ тіс арқылы тістеп, үзіп жейді.
Мал суды төменгі ерінін батырып тұрып, тілін көмекейге
қарай қимылдатып, еріндерінің арасындағы саңылау арқылы
сорып жұтады. Ит сұйықты тілімен жалап ішеді. Тауық, күрке
тауық, кептер, дəнді шұқып, үйрек пен қаз оларды қасықпен
көтергендей жалпақ тұмсықтарымен іліп жесе, жас шөпті тауық
майдалап шоқиды, ал үйрек пен қаз орып жейді.
Азықты қабылдау жəне шайнау қарқыны көптеген сыртқы
жəне ішкі факторларға, жүйке жүйесінің қызметіне байланыс-
ты. Малды азықтандыруға қатысы бар түрлі тітіркендіргіштерге
шартты рефлекстер жеңіл пайда болады. Осы жағдайды мал-
ды азықтандыру процесін ұтымды ұйымдастыру мақсатында
пайдалануға болады.
Шайнау процесін сопақша мида орналасқан арнаулы жүйке
орталығы реттейді. Бұл орталық үлкен ми жарты шарларындағы
170
орталықтарға бағынышты болғандықтан шайнау процесі түрлі
қолайсыз сыртқы əсерлердің салдарынан (айғай, шу т.б.) кез
келген уақытта ұзақ мерзімге тежеліп қалуы мүмкін. Ал шай-
нау процесінің ұзақтығы мен қарқыны сілекейдің бөлінуіне
үлкен əсерін тигізіп, азықтың қарын мен ішек қуысында дұрыс
қорытылуына көп ықпал етеді. Сондықтан малды өздеріне
үйреншікті, тыныштық жағдайында азықтандырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: