биологиялық процестің нəтижесінде түзіледі. Сілекейдің секре-
Р. Гейденгайн, кейінірек Б. П. Бабкин жасаған. Бұл процесс таби-
172
ғаты жағынан экскрециялау процесіне ұқсас. Бірақ экскреция
нəтижесінде торша организмге қажетсіз зат алмасу өнімдерін бөл-
се, секреция кезінде белгілі бір мақсатта түзілген заттар бөледі.
Сілекей түзу үш кезеңде өтеді: алғашқы өнімдерді түзіп, секрет
түйіршіктерін жасау; торшалардан секретті бөлу; торшалардың
бастапқы құрылымын қалпына келтіру.
Секреттің алғашқы өнімдері рибосомалардың қатысуымен
цитоплазманың түйіршікті торының түтіктерінде пайда болады.
Олардың қабырғасынан секрет Гольджи кешенінің вакуоліне
өтеді де, осы жерде жинақталып, секрет түйіршіктері пайда бо-
лады (74-сурет). Одан əрі түйіршіктер біртіндеп торшалардың
жоғарғы бөлігіне жинақталады. Торша цитоплазмасының түйір-
шіксіз торында белоксыз секрет түзіліп, олар да тамшы түрінде
торшалардың жоғарғы бөлігінде жинақталады.
Торшалардан секрет бірнеше
жолмен бөлінеді. Торшада жи-
нақталған түйіршіктер немесе
вакуольдер оның апикальдық
бөлігіне жақындап, мембранаға
жабысады. Соңынан осы жерде
тек электрондық микроскоппен
ғана көрінетін тесік пайда бола-
ды. Осы тесік арқылы секрет без
альвеоласына бөлінеді. Бұл - сек-
рет бөлудің макромерокриндік
жолы. Секрет микромерокриндік
жолмен торша қабығы арқылы
жеке молекулалар түрінде де
бөлінуі мүмкін. Торшаларда се-
крет түйіршіктері көп мөлшерде
жинақталса, олар бір-бірімен
қо
сыла келіп, тіл тəрізді цито-
плаз
малық өсінді түзеді де, ол
альвеолаға үзіліп шығады. Осы-
дан кейін торша жалпайып,
уақытша секрет түзуді тоқта
та-
ды. Бұл секрет бөлудің
апокриндік түрі. Секрет тым көп жиналып
қалса, торшаны бұзып шығады. Бұл - секрет бөлудің голокриндік
жолы. Ас қорыту сөлдерін бөлу кезінде осы аталған секрет бөлу
түрлерінің барлығы да кездеседі. Секрет бөлінгеннен кейін тор-
шаларда қайта қалыптасу процесі жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: