Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет148/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   542
79-сурет.  Ит  қар ны ның  секрециялық  ай  мақ тары: 

1 - өңеш; 2 - кар диалық без дер аймағы; 3 - фун дальдық 

бездер аймағы; 4 - пилорус бездерінің аймағы; 5 - пи-

лорус; 6-ұлтабар ұшы

Ит тəулігіне 0,6-1,5 л қарын сөлін 

бөледі. Қарын сөлі түссіз, мөлдір, қышқыл 

реакциялы (рН - 0,8-1,2), шырышты 

сұйық. Сөл 

дің қышқылдық реакциясы 

оның құрамында тұз қышқылының (0,5-

0,6 пайыз), органикалық қышқылдардың, 

қышқыл реакциялы қосы 

лыстардың бо-

луына байланысты.




182

тидтер жəне амин қышқылдары түзіледі. Қышқылдық деңгейі 

төмендесе (рН 3-тен жоғарылағанда) қарында белоктардың ыды-

рауы қиындайды.



Реннин (химозин, мəйек ферменті) сүтті ірітіп, оның құра-

мындағы белоктардың қорытылу процесін бастайды. Ол жас 

төлдерде көп бөлінеді. Құрылымы жағынан реннин пепсин-І-ге 

ұқсас, молекулалық массасы 40000 жалғыз пептидтік тізбектен 

тұрады, бірақ ол əлсіз қышқыл жəне бейтарап ортада əрекет ете 

алады.


Қарын сөлі құрамында липаза ферменті де болады. Бұл əлсіз 

фермент, қарынның пилорус бөлігіндегі негізгі торшаларда 

түзіледі. Ол эмульсияланған майларға (сүт майына) əсер етіп, 

оны глицерин мен май қышқылына ыдыратады.

Қарынның көмкерме торшаларында В

12

 дəрмендəрінің сі-



ңуін реттейтін ішкі фактор деп аталатын ерекше гликопротеид 

түзіледі. Бұл фактор жетіспесе, организмнің қан түзу қызметі 

бұзылады.

Организм үшін қарын сөлінің құрамындағы шырыштың да 

маңызы зор. Ол қарынның кілегейлі қабығын əртүрлі механикалық, 

химиялық əсерлерден қорғайды, беткейіне ферменттерді жабыс-

тырып, соларды жинақтаушы қызмет атқарады. Шырыш қарын 

қабығын өздігінен қорытылу процесінен сақтайды. Қарын қа-

бығында қан айналымы, шырыш түзу бұзылса, кілегейлі қабық 

зақымданып, ойық жара пайда болады. Қарында белоктарды 

ыдырататын күшті ферменттер болуына қарамай, қарын сөлі 

қалыпты жағдайда қарын қабырғасының негізі белоктардан 

тұратын торшаларын қорытып жібере алмайды. Оның себебі 

қарын қабырғасында белоктарды ыдырататын ферменттерге 

қарсы əсер ететін антифермент – антипепсин түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет