Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жалғыз бөлімді қарындағы ас қорыту



Pdf көрінісі
бет147/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

8.5.1. Жалғыз бөлімді қарындағы ас қорыту

Иттің қарны бір бөлімді ағза. Кардиалық аймақ ауданы ша-

ма 

лы ғана жіңішке құрылым. Пилорус бөлімі қысыңқы жəне 



созылыңқы келеді (79-сурет). Кілегейлі қабық ауданының тең 

жар тысын қарын түбі алады. Қарынның жалпы сыйымдылығы 

1,2-1,5 л. Өңештің қарынға жалғасқан жерінде кіреберісті жаба-

тын етті тұзақ болады, ал пилорус пен ішекті - пилорус қысқышы 

бөліп тұрады.



181

Тұз қышқылының қарындағы ас қорытуда маңызы өте зор. Ол 

пепсиногенді белсенді пепсинге айналдырады; қарында белоктар-

ды ыдырататын ферменттерге қажет тиімді сутектік көрсеткіш 

деңгейін (рН) сақтауға мүмкіндік береді; бактерицидтік қызмет 

атқарады; белоктарды ісіндіріп, олардың құрылысын бұзып (де-

натурациялап), қорытылуын жеңілдетеді; гастриннің бөлінуін 

тежеп, секретиннің бөлінуін күшейтеді, пилорус рефлексін 

реттейді.

Қарын сөлі құрамында белоктар, полипептидтер, мукопро-

теидтер, несепнəр, несеп қышқылы, амин қышқылдары түрінде 

органикалық жəне натрий, калий, магний, НСО

3



, НРО



4

2–

, SО



4

2–

 



түрінде бейорганикалық заттар жəне белоктар мен майларды 

ыдырататын ферменттер болады. Белокты ыдырататын фермент-

тер тобына пепсин, катепсин, реннин (химозин) жатады.

Пепсин мен реннин эндопептидаздар класына жатады. Олар-

дың бастапқы түрі молекулалық массасы 72000-ға тең тарам-

далмаған жалғыз полипептидтік тізбектен түзілген пепсиноген 

болып табылады. Қышқыл ортада тізбектің N - ұшындағы Лей

44

 – 


Иле

45

 пептидтік байланысының үзілуінің салдарынан пепсино-



геннен молекулалық салмағы 3200 тең басытқы (белокты кешен) 

бөлінеді де, пепсин пайда болады. Пепсиноген бірнеше пепти-

даза қосындысы деген де болжам бар, сондықтан одан екі түрлі 

пепсин: пепсин - І жəне пепсин-ІІ бөлінеді. Пепсин - І -ге тиімді 

рН - 1,8 - 2,2, ал пепсин - ІІ-ге -3 - 3,5.

Пепсин өсімдік белоктарына да, жануарлар белоктарына да 

əсер етеді. Ол ароматты амин қышқылдарының (фенилаланин, 

триптофан, тирозин) карбоксил тобының пептидті байланыста-

рын өте тез ыдыратады да, басқа амин қышқылдарына баяу əсер 

етеді. Оның əрекетінен полипептидтер, кіші молекулалы пеп-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет