Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Қарын бездерінің сөл бөлу қызметінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет149/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Қарын бездерінің сөл бөлу қызметінің реттелуі. Ашқарын 

жағдайында тек шырыш пен пилорус сөлі бөлінеді. Қарын түбі-

нің сөлі тек азықтандыру үстінде арнаулы қоздырғыш заттардың 

əсерімен бөлінеді. И. П. Павлов зерттеулері қарын бездерінің 

сөл бөлу қабілетінің азықтың сипатына тамаша бейімделетінін 

көрсетті. Оның тəжірибелерінде көмірсу көзі ретінде нан, белок 

көзі ретінде - майсыз ет, ал аралас азық ретінде сүт қолданылды. 

Тəжірибенің алғашқы сағаттарында аталған азықтарға бөлінген 

сөлдің мөлшері жəне сапасы жағынан онша айырмашылығы 

болмаған, айырмашылық тек кейінгі сағаттарда ғана байқалған.

Сөл бөлу процесінің ұзақтығы мен сөлдің ас қорыту 

қабылетінің күшеюі тұрғысынан ең күшті тітіркендіргіш нан

одан кейін ет пен сүт болып табылған (80-сурет). Сөлдің ең көп 



183

мөлшері етке, содан кейін нан мен сүтке бөлінген. Ең жоғары 

қышқылдық жануарлар белогын, ал төмен қышқылдық өсімдік 

белогын бергенде байқалған. Аралас азық берген соң 0,4 - 0,8 л 

сөл бөлініп, секрециялау процесі 5-6 сағат бойына жүрген. Етке 

сөл бөлу екі сағат ішінде қатты күшейіп, 7-8 сағаттан соң тоқтаған. 

Ал нанға 1-сағатта сөл көп бөлінген, содан кейін күрт төмендеп, 

10 сағат бойына сөл бөлу төменгі деңгейде жүрген.

Қарын бездерінің қызметі күрделі рефлекстік жəне нейро-

гуморальдық жолдармен реттеледі. Бұл реттеу тетіктерінің əсері 

соншалықты айқын байқалатындықтан, сөл бөлу процесін екі 

кезеңге бөледі.

Бірінші – күрделі рефлекстік кезең қабылданған азықтың 

ауыз қуысының сезімтал жүйке ұштары мен түрлі талдағыштарға 

əсерінен басталады. Бұл процесс сілекей бөлу механизміне ұқсас

айырмасы - қарын сөлі азыққа жатпайтын заттардың əсерінен 

(құм, қышқылдар, т.б.) бөлінбейді. Демек, қабылданған азық 

ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркендіріп, пайда болған 

қозу толқыны орталыққа тепкіш жүйкелермен (тіл-жұтқыншақ, 

үшкіл, кезеген жүйкелер) сопақша мидағы қарын сөлінің бөлінуін 

реттейтін орталыққа беріледі. Орталықтан қарын бездеріне кезе-

ген жүйке арқылы бағытталған импульстердің əсерінен қарын сөлі 

бөлінеді. Сөл бөлудің рефлекстік табиғатын кезеген жүйкелерді 

қию арқылы дəлелдеуге болады. Кезеген жүйкелерді қиғаннан 

кейін қарын сөлі бөлінбей қалады.

Қарын сөлінің рефлекстік жолмен бөлінетінін И. П. Павлов 



«Жалған тамақтандыру» тəжірибесімен дəлелдеді (81-сурет). 

Қар нына көбек қойылған иттің хирургиялық операция арқылы 

өңешін тесіп қойса (эзофаготомия), ит жеген тамақ қарынға жет-

пей, өңеш тесігінен түсіп қалады. Осыған қарамай 5-8 минуттан 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет