275
Көмірсулардың аралық алмасуы. Ас қорыту жолында кө-
мір сулар негізінен моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза) айна-
лып, фосфорлану процесінен өткен соң қанға сіңеді. Қанға өткен
моносахаридтер қақпалық венамен бауырға тасымалданады да,
онда гликогенге айналып (гликогенез), қорға жиналады.
Гликоген бұлшық еттерде де түзіледі. Бауырдағы гликогеннің
мөлшері 2-8 пайыз, ал еттерде 1 пайыз шамасында. Сонымен қатар
бауырда глюкозаның біраз бөлігі тотығып, энергияға айналады
немесе майларды, əртүрлі уытты заттарды залалсыздандыруға
қажет қосылыстарды (мысалы, глюкурон қышқылын) түзу
үшін пайдаланылады. Организм мұқтаждығына сəйкес бауыр-
да көмірсулардың бір түрі екінші түрге (галактоза мен фруктоза
глюкозаға немесе керісінше) айналып отырады. Бауырда глико-
генез процесімен қатар глюконеогенез - көмірсулардың май мен
белоктың ыдырау өнімдерінен, сүт қышқылынан, ҰМҚ, амин
қышқылдарының ыдырау өнімдерінен түзілу процесі де жүреді.
Бауырдың күрделі қызметінің арқасында қанның құрамындағы
қанттың мөлшері (гликемия) бір деңгейде сақталады. Қандағы
глюкоза деңгейі жоғарыласа, гликоген түзу процесі күшейеді, ал
ол төмендесе, гликоген глюкозаға айналады.
Үй жануарларының ішінде құстар қанында глюкоза деңгейі
жоғары, ал күйіс малында - төмен болады (27-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |