283
ныс гормондары,
Д дəрмендəрісі стериндер туындылары болып
табылады.
Кейбір сүт қоректі жануарлар денесінің алдыңғы бөлігінде,
жаңа туған төлдерде ерекше қоңыр түсті май ұлпалары жинақ-
талады. Қоңыр май ұлпалары торшаларының құрамында мито-
хондриялар, темірге бай бояғыш – цитохром мол болады. Ци-
тохром митохондриялардағы тотықтырғыш ферменттік жүйенің
маңызды бөлігі болып саналады. Қоңыр май торшалары оттегіні
тез сіңіріп, жылуды шапшаң бөледі, сондықтан олар жаңа туған
төлдер мен қысқы ұйқыға кететін жануарлардың дене жылуын
реттеуде маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |