Күйіс малындағы көмірсулар алмасуының ерекшеліктері.
Алдыңғы қарын микроорганизмдері əрекетімен азық құрамындағы
көмірсулар анаэробтық гликолизге ұшырап, пируват жəне лактат
арқылы ұшпалы май қышқылдарына - сірке, пропион жəне майлы
қышқылдарға айналады. Демек, күйіс малында көмірсулардың
негізгі ыдырау өнімдері ретінде глюкоза емес, ҰМҚ түзіледі де,
қанға глюкоза аз ғана мөлшерде сіңіп, малдың глюкозаға деген
мұқтаждығы эндогендік синтез арқылы қамтамасыз етіледі.
Күйіс малы қанында глюкоза деңгейі төмен болады жəне ол
азықтандыруға байланысты өспейді (қоректік гипергликемия бай-
қалмайды). Бірақ көмірсулар мен майлар алмасуы бұзылса олар-
да да гипер - немесе гипогликемия түрлері байқалады. Мысалы,
азықта көмірсулар жетіспесе, немесе белоктар мен майлар шама-
дан тыс көбейсе, сүтті сиырлар кетоз дертіне шалдығады. Кетоз
гипогликемиямен, бауырда гликогеннің мөлшерінің тө
мендеуі-
мен, кетонды заттардың (ацетон, ацетон-сірке, бе та-оксимай
қышқылдарының) көп түзілуімен жəне бөлінуімен сипатталады.
Қалыпты жағдайда кетонды заттар күйіс малының мес қарнының
қабырғасында түзіліп, денеде олардың аз мөлшері ғана энергия
көзі ретінде пайдаланылады. Кетонды заттар деңгейі шамадан
тыс артса (кетонемия), несеппен кетонды заттар бөлінеді (кето-
нурия), кетоацидоз байқалады, малдың ас қорытуы нашарлап,
зат алмасу процесі, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады,
өнімділік төмендейді, ұйқы безінің бета-торшаларының қызметі
нашарлап, қандағы инсулин деңгейі кемиді.
Күйіс малы төлдерінің қанында мес қарын қызметі қа лып-
тасқанға дейін глюкоза деңгейі айтарлықтай жоғары болады (100
мг %). Оларда қоректік гипергликемия да байқалады. Төл өсе
келе қандағы қант деңгейі төмендей бастайды.
Күйіс малы ұлпаларында басқа малмен салыстырғанда, глю-
коза нашарырақ тотығады да, энергияның негізгі көзі ретінде аце-
тат пайдаланылады. Бірақ олардың, əсіресе сауын сиырлардың,
глюкозаға деген мұқтаждығы өте жоғары. Желін глюкозаны өте
көп мөлшерде сіңіреді жəне бұл процесс инсулинге тəуелсіз
жүреді. Күйіс малы организміндегі глюкоза тапшылығы бауырда
жүретін глюконеогенез процесі нəтижесінде жойылады. Бұл про-
278
цесте негізгі субстрат ретінде пропионил-КоА жəне оксалацетат
сатылары арқылы глюкозаға айналатын пропион қышқылы (про-
пионат пропионил-КоА - оксалацетат глюкоза) мен глюкозаға
оңай айналатын амин қышқылдары пайдаланылады. Олардың
пайдаланылу деңгейі малдың физиологиялық күйіне (буаздығына,
сүттенуге) байланысты өзгеріп отырады. Сүтті сиырлардың про-
пионат пен амин қышқылдарға деген мұқтаждығы өте жоғары
деңгейде қалыптасады. Күйіс малының глюкозаға мұқтаждығы
жəне оны қамтамасыз ету жолдары шамамен мына төмендегі
көрсеткішпен бейнеленеді (28-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |