Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет272/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

11.4. Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу əдістері

Ішкі секреция бездерінің қызметін төменде баяндалған əдіс-

термен зерттейді.

1.  Клиникалық бақылау. Бұл қарапайым жəне ертеде қалып-

тасқан əдіс. Жеке бездердің қызметтерінде ауытқулар байқалса, 

онда осы жануарды бақылауға алып, организмде сезілген 

өзгерістерді тіркеп отырады. Жеке бездердің физиологиялық 

маңызы жайлы алғашқы деректер осы əдіспен жинақталған.

2. Экстирпация, немесе бездерді сылып тастау. Бұл əдіспен 

арнаулы операция жасау арқылы жеке бездерді алып тастап, ор-

ганизмде болатын өзгерістерді анықтайды (128-сурет). Безді 

толық, не жартылай сылып тастайды да, тəжірибе жүзінде 

белгілі бір гормонды жояды немесе оған тапшылық тудырады. 

Мысал ретінде ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын 

малды піштіру тəсілін келтіруге болады. Қазіргі кезде опера-

ция жасамай-ақ бездерді арнаулы химиялық заттар егу арқылы 

уақытша істен шығарады. Мысалы, метилтиоурацил, тиомоче-

вина егу арқылы қалқанша безін, аллоксан егу арқылы – ұйқы 

безінің аралшықтарын уақытша істен шығарады.

3. Трансплантация немесе бездерді аударып қондыру. Бұл əдіс 

үш нұсқада қолданылады: ауто-, гомо- жəне гетеротрансплан-

тация. Аутотрансплантацияда без өзінің қалыпты орынынан 

сол организмнің басқа бөлігіне аударылып отырғызылады. 



Гомотрансплантацияда бір түлікке жататын малдың безі 

бір организмнен екінші организмге қондырылады. Ал, гетеро-



транс плантацияда бір түлік малының безі екінші түліктің ма-


352

лына отырғызылады. Əдетте, 

аутотрансплантация сəтті аяқ-

талады. Гомотранспланта 

ция-

дан кейін орган көп жағ дайда 



біраз уақыт тан кейін сорылып 

кетеді, ал гетеротранспланта-

ция - əркез сəт сіз аяқталады, 

аударып қондырылған без мү-

шеден бөлініп қа 

лады. Егер 

реципиент (аларман) орга-

низ 


мінде бездің қызметі тоқ-

таған болса, немесе без алдын 

ала сылынып тасталса, онда 

қондырылған без оңайырақ 

жабыса бітіп кетеді. Мысалы, 

жыныс бездері пішпелерге 

(аз бандарға) жеңілірек теліне 

бітеді.


4.  Эндокриндік бездер сы-

ғындысын жəне гормондар егу. Сығынды дайындау үшін без 

ұлпасы майдаланып, езіледі де, əртүрлі ерітінділермен шай-

маланады (экстракцияланады). Бұл жағдайда сығындыда гор-

мондармен бірге басқа да биологиялық белсенді заттар болады

сондықтан тəжірибеде таза гормондық препараттар қолданылады. 

Қазіргі кезде көптеген гормондар таза күйінде алынады немесе 

фармакологиялық өндіріс мекемелерінде синтезделеді.

5.  Парабиоз немесе организмді қосарлау. Арнаулы операция 

жасап, бір түрге жататын екі организмнің қан тамырын жалғас-

ты ра тігу арқылы ортақ қан айналым жүйесін қалыптастырады 



(129-сурет).

Ішкі секреция бездерін зертте-

уде іштен жабыса туған егіздерді 

(Сиам егіздері, апалы-сіңілілі Бла-

зектер) бақылау нəтижесінде көп-

теген мағлұматтар жинақ тал ған. 

6. Ішкі секреция бездеріне кел-

ген жəне олардан ағып шыққан 

қан құрамындағы гормондарды 

химиялық жəне биологиялық əдіс-

термен анықтау.

Гормондардың белсенділігін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет