407
про грестерон гормонын бөлуі нəти жесінде аналық басымдылық
қалыптасып, жыныстық басымдылық уақытша тиылады. Жал-
ған буаздық деп аталатын бұл кезең соңынан жыныстық ба-
сымдылықпен алмасады.
Мал ұрықтанбаған жағдайда немесе буаздықтың соңында жа-
тырда бөлінген простагландин
F
2
(лютеолиздік фактор) əсерімен
сары дене жойылады. Бұл простагландин жатырдан аналық безге
тамырлардың бүйір тармақтарымен тасымалданады.
Жыныстық айналымның ырғағына, шылымдану, күйлеу, ову-
ляция процестерінің басталу мерзімі мен ұзақтығына сыртқы
ортаның əртүрлі жағдайлары - температура, азықтандыру,
күтім, т.б. əсер етеді. Қыс кезінде фолликулалар баяу дамып,
күйлеу сатысы ұзағырақ созылады. Малды дұрыс азықтандыру,
оны қоректік заттармен қажетті деңгейде қамтамасыз ету
фолликулалардың жетілуін шапшаңдатады. Организмнің ауруға
шалдығуы, қорек тік заттардың жетіспеуі, ауыр жұмыстан қажу,
т.с.с. фолликула лар дың жетілуін бөгеп, кей жағдайларда атрезияға
соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: