13.2. Желіннің өсіп-дамуы (маммогенез)
Желін - денеде симметриялы орналасқан орган. Ол тері ту-
ындысы болып саналады. Мегежінде, итте, мысық пен қоянда
сүт бездері үйектің (реу сызығының) екі жағында, құрсақтың
астыңғы бетінде орын тебеді. Сиырда, биеде, түйеде, қой-ешкіде,
қодаста желін құрсақтың астыңғы жағында, шаптың арасында
орналасады.
Сүт безінің алғашқы нышандары ұрықтық даму кезеңінде
пайда болады. Без екі жыныс өкілдерінде де эктодермадан
(ұрықтың сыртқы қатпаршағынан) дамиды. Алдымен бездің
орындары білініп, соңынан сүт төмпегі, болашақ бездің алғашқы
құрылымдарының нышандары (бөлімшелер, өзекшелер жүйесі,
байламдар мен ем) қалыптаса бастайды. Осыдан кейін аталық
дарақты ұрықтарда бездің дамуы тоқтап, ұрғашы іштөлдерде
кейінірек өзектерге айналатын бастапқы сүт желісі пайда бола-
ды. Баяндалған құбылыстар құрсақтық (антенатальдық) мам-
могенезді сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |