Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет325/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Постнатальдық маммогенез. Туар алдында ұрғашы бұ зау-

лардың сүт бездерінде өзектер мен цистерналар (қуыстар) анық 

байқалады. Болашақ паренхима орнында май ұлпасы пайда бо-

лады. Бұл кезде байлам аппараттары мен бөлім аралық перделер 

анық біліне бастайды. Жыныстық жетілуге дейін без айтарлықтай 



431

дамымайды, тек қана оның мөлшері май мен борпылдақ дəнекер 

ұлпалардың жинақталуы нəтижесінде аз ғана үлкейеді. Бұл кезде 

без өзектері көп тармақталмайды (144-сурет, А)

Жыныстық жетілумен байланысты желіннің дамуы күшейіп, 

оның өзектері жəне сүт жинайтын жүйелері өсе бастайды. Бұл 

кезде альвеолалар мен бөлімшелер жүйелері дами қоймайды

дегенмен əрбір жыныс айналымы бұл жүйелердің өсіп-жетілуін 

күшейте түседі. 10-12 айлық таналар желінінде өзектер мен 

қуыстар маңында топтасқан өзекшелер салалары, без парен хи-

масының аралшықтары, оны толыстырып тұратын май ұлпасы 

пайда болады (144-сурет, Ə.).

Желіннің безді ұлпасы буаздықпен байланысты қарқынды 

дами бастайды. Буаздықтың алғашқы жартысында өзектер жүйе-

сі мен күрделі түтікше бездердің дамып, жетілуі аяқталады. 

Буаздықтың 5-7 айы аралығында желіннің альвеолалық құрылымы 

(безді паренхимасы) қалыптасады, ал буаздықтың 6-8 айлығы 

арасында миоэптелийлік торшалар пайда болады (144-сурет, Б, 



В). Туардан 2-3 ай бұрын желін паренхимасының торшалары май 

түйіршектері бар секрет түзе бастайды. Əрине, бұл уыз да, сүтте 

емес. Желін тек мал туар алдында ғана уызданады.

Сүт бездерінің дамуына эстрогендер зор ықпал етеді. Олар 

без өзектерінің өсуін, альвеолалар мен без бөліктерінің дамуын 

шапшаңдатады. Сары дене гормоны - прогестерон, без өзектерінің 

өсуін күшейтіп пролактин гормонының түзілуін бөгейді (он-

сыз сүт түзу процесі жүрмейді). Желіннің өзектік жүйелері 

жыныстық жетілумен, ал безді ұлпалары - буаздықпен, сары 

дене қызметімен байланысты дамиды. Мал төлдеп, шу түскен 

соң қан құрамында жолдастан бөлінетін эстроген жəне проге-

стерон мөлшері күрт төмендейді де, олардың гипофизге тежеуші 



 144-сурет. Желіннің даму процесінің сызбалық бейнесі: 

А - жыныстық же-

тілуге дейін. 1 - май ұлпалары, 2 - өзекшелер, 3 - цистерна. Ə - буаздықтың орта 

шенінде желін бөліктері мен альвеолалардың дамуы; Б - бұзаулар алдындағы күй.




432

əсері тиылып, гипофиз пролактин гормонын бөле бастайды. Осы 

гормонның əсерімен желінде уыздану процесі жүреді. Пролактин-

мен қатар желіннің дамуын қамтамасыз етуде соматотропин гор-

моны да қатысады. Бұл гормон пролактинсіз-ақ сүттену процесін 

тудыра алады жəне эстрогендер мен пролактиннің желінге əсерін 

күшейтеді. Жыныс гормондары сүт безіне екі түрлі жолмен - аде-

ногипофиз гормондарының (СТГ АКТГ, ПРЛ) бөлінуін күшейту 

арқылы немесе тікелей əсер етеді.

Кез келген мүше сияқты, желін де өзінің қалыпты қызметін 

орталық жүйке жүйесі мен вегетативтік жүйкелер ықпалымен 

атқарады. Желін өте күшті жүйкеленген органға жатады. Оған 

келетін жүйкелерді қиып тастаса, желіннің өсіп-даму процестері 

бұзылып, альвеолалар мен бөлімшелердің қалыптасуы бөгеледі, 

көптеген альвеолаларда қуыс пайда болмайды, сүт өзектерінің 

пішіні өзгереді жəне олар түлеген эпителий торшаларымен то-

лады. Демек, жүйке жүйесінің нəрлендіруші ықпалы бездің қа-

лыпты құрылымы мен қызметін қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет