Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Желіннің жалпы құрылым принципі



Pdf көрінісі
бет326/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

13.3. Желіннің жалпы құрылым принципі

Желін - сүттің түзілуін жəне бөлінуін қамтамасыз ететін 

көпіршікті- түтікше безді орган. Сырт жағынан ол жұқа серпімді 

терімен қапталған. Желін май жəне тер бездері болмайтын, түгі 

жоқ терімен қапталған емдермен бітеді. Терінің астынан желінді 

құрсақтың сыртқы шандырының жалғасы болып табылатын бет-

кей  шандыр (фасция) қаптайды да, желіннің төменгі жағында 

ол терең шандырға (дəнекер ұлпалы жұқа қабыққа) айналады. 

Желіннің оң жəне сол бөліктерінің арасында серпімді дəнекер 

ұлпаның екі қабат қатпарынан тұратын аралық аспа байлам бо-

лады. Желіннің астыңғы жағында ол ішкі фасцияға айналып

желіннің бүйіріне қарай тарамданады. Желіннің бүйір фасцияла-

рын аралық аспа байламмен көптеген дəнекер ұлпалық перделер 

жалғастырады. Бұл перделер желінді белгілі бір пішінде ұстайды. 

Аралық аспа байлам желінді көтере демеп тұрады (145-сурет).

Барлық малда желіннің құрылым принципі бірдей. Желіннің 

безді ұлпасы альвеолалар жиынтығынан құралған. Пішіні жа-

ғынан олар сопақша құрылым. Альвеолалар негіздік мембрана 

бетінде орналасқан безді эпителийдің бір қабат торшаларынан 

құрылған. Олардың іші қуыс, сыртынан дəнекер ұлпалы қабықпен 

қапталған.

Альвеолалар топтаса келіп бөлімдер, ал олар өз ретінде біріге 

отырып,  бөліктер құрайды (146-сурет). Аталған құрылымдар 



433

нəзік дəнекер ұлпамен қапталады. Альвеолалардан жалпақ эпи-

телиймен астарланған жіңішке бірінші реттік өзекшелер баста-

лады. Бұл өзекшелер тоғыса келе желін бөліктерінің өзектерін, 

олар - желін бөліктерінің арнасын (сүт арнасын) құрайды. 

Олардың диаметрі бірте-бірте кеңейе береді. Сүт арналарының 

бірігуі нəтижесінде сүт жолдары пайда болады. 5 – 20 сүт жол-

дары желіннің төменгі жағында орналасқан қуысқа - желін ци-



стернасына, ашылады.

Қуыс  желіндік жəне емдік бөлімдерге бөлінеді. Сиырдың 

желіндік қуысының сыйымдылығы 2 литрге, ал ем қуысының 

мөлшері емнің көлеміне байланысты ауытқып отырады да, кей-

де 50 мл жетеді. Ем қуысы желін қуысынан көлденең қатпармен 

бөлінеді. Сүт жолдары мен желін қуысы екі қабат цилиндр пішінді 

эпителийден құралған кілегейлі қабықпен астарланған. Қуыстың 

кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар болады.

Ем қуысы көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған ем 

арнасымен жалғасады. Оның ұзындығы сиырда 0,5 – 1,4 см ша-

масында. Бұл арнаның ем ұшында ашылған жерін үрпі деп атай-

ды. Ем арнасы кілегейлі қабық қатпарымен жабылып жатады 

(147-сурет).

Желін альвеолалары сырт жағынан миоэпителийлік торша-

лармен қапталған. Миоэпителийлік торшалар сүт өзектерінің 

бойында да орналасады. Жіңішке өзектер қабырғасында бойлай 

орналасқан бірыңғай салалы ет талшықтары, ал кеңірек өзектер 

қабырғасында бойлай жəне көлденең орналасқан ет талшықтары 

болады. Сүт өзектері сағасында көлденең бағытта орналасқан 

бірыңғай салалы ет талшықтары қысқыш (сфинктер) тəрізді 

буылтық құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет