Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ет талшықтарының құрылымы



Pdf көрінісі
бет364/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

15.1. Ет талшықтарының құрылымы

Қаңқа еттері əрқайсысының құрамында 20-60 ет талшықтары 

бар жеке-жеке ет шоғырларынан құралады. Əрбір ет шоғыры сырт 

жағынан дəнекер ұлпалы сыртқы етқабық - перимизиуммен, ал 

əр талшық ішкі етқабық - эндомизиуммен қапталады. Жануарлар 

бұлшық етінде талшықтар саны көп шамада (жүзден жүз мыңға 

дейін) ауытқып отырады. Əрбір ет талшығының диаметрі 10-100 

мкм, ал ұзындығы 12-16 см шамасында болады.

Ет талшықтары көп ядролы симпластық құрылым жəне онда 

жеке торшалар анық шектелмейді. Əрбір талшық сырт жағынан 

торшаның нағыз қабығымен - сарколеммамен қапталған, оның 

ішінде саркоплазма, еттің жиырылғыш жіпшелері - миофибрил-



лалар жəне торша қосындылары - саркосомалар мен митохон-

дриялар орналасады. Митохондрияларда тотықпалы фосфорлау 

процесі жүреді де, ет талшықтарына қажет қуат бөлінеді. 

Миофибриллалар ет талшығының бір ұшынан екінші ұшына 

дейін созыла орналасады. Олардың диаметрі 0,5-2 мкм шамасын-

да болады (167-сурет). Өз кезегінде миофибриллалар жіңішке 

жəне жуан белок жіпшелерінен - протофибриллалардан (фила-



менттерден) құралған. Əрбір миофибрилланың құрамында 2-2,5 

мың протофибриллалар болады. Жіңішке - актин жіпшелерінің 




488

диаметрі 5-8 нм, ұзындығы 1-1,2 мкм, ал жуан - миозин жіпшілерінің 

диаметрі 10-15 нм, ұзындығы 1,5 мкм. Микроскоппен қарағанда, 

миофи бриллалардың  ұзына  бойында  алма-кезек  орналасқан 



күңгірт - анизотроптық, жəне ашық - изотроптық жолақтар 

көрінеді (168-сурет), сондықтан оны көлденең жолақты ет 

талшықтары деп атайды. Талшықтың күңгірт учаскесі - 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет