Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет372/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   542
171-сурет. Бұлшық ет жиырылуының түрлері: 

I – дара жиырылу; нұсқама – 

тітіркендіру сəті, төмендегі толқынды сызық – секундына 100 рет жиілікпен тер-

белетін электромагниттік камертонның тербелісін бейнелейді; а-б – жасырын 

(ла тентті) кезең, б-в – жиырылу кезеңі, в-г – босаңсу кезеңі; II – суперпозиция (үсте-

мелену); Нұсқамалар – шамалас жауап тудыратын əсерлер; н - үстемелене жиыры-

лу; III – кертпешті тетанус; IV – жазық тетанус

Бұлшық етті күші, əсер мерзімі жəне жиілігі тұрақты тітір-

кендіргішпен бірнеше рет тітіркендірсе, «баспалдақ феномені» 

байқалады, алғашқы бірнеше тітіркендіруге бұлшық ет жиырылу 

амплитудасын өсіре жауап береді. Бұл құбылыс тропонин бело-

гымен қосылысатын кальций иондарының концентрациясының 

өсуіне байланысты.

Жеке тітіркендіруге оқшауланған шапшаң əрекетті талшықтар 



«барынша немесе ешнəрсе жоқ» заңдылығына сəйкес жауап 

береді. Мұндай жағдайда тітіркендіргіштің тек бастапқы күші 

ғана таралатын əрекет потенциалын тудырып, кальций иондары-

ның толық босануын, миофибриллалардың барынша жиыры-

луын қамтамасыз етеді. Бірақ денеден оқшауланбаған бұлшық 

етті электр тогымен тітіркендіргенде, оның жиырылу күші 

тітіркендіру күшіне байланысты өзгереді: тітіркендіргіш күші 

осы ет құрамына енетін барлық талшықтар үшін табалдырықты 

деңгейге жеткенге дейін ет талшықтарының жиырылу ампли-

тудасы өсе береді. Бұл құбылыс ет құрамында жуандығы мен 

қозғыштығы əртүрлі талшықтардың болуына байланысты. 

Бұлшық етке арасы өте жиі (100 мс шамасында) екі тітір-

кендіргіш тіркес əсер етсе, ет талшықтары толық босаңсып үл-

гермейді де, алғашқы жиырылуға келесі жиырылу үстемелене 

жалғасып, қабаттасып кетеді. Оған кальцийлік сораптың сар ко-

плазмалық тордан шыққан кальций иондарын тітіркену арасында 




496

кері қайтарып үлгермеуі себеп болады. Осыдан жиырылулар 



үстемеленеді (суперпозиция). Бұл құбылыс тітіркендіру жиі лігіне 

қарай толық немесе жартылай жүреді. Ол толық жүрсе, екі жиы-

рылу қосылып, жалғыз биік шың пайда болады. Аталған жағ-

дайлардың қайсысында да еттің жиырылу амплитудасы дара 

жиы рылу амплитудасынан биік келеді (171-сурет,

ІІ).

Бұлшық етке күші зор ырғақты тітіркендіргішпен əсер етсе, ет 

ұзақ мерзімге қарыса күшті жиырылады. Жиырылудың бұл түрін 

қарысу (тетанус) деп атайды. Ол тісті (тітіркендіру жиілігі 

20-40 Гц шамасында болса) жəне жазық (тітіркендіру жиіліп

50 Гц асса) болып бөлінеді (171-сурет, 

ІІІ, ІV). Тітіркендіру күші 

бірдей болғанның өзінде қарыса жиырылу амплитудасы дара жиы-

рылу амплитудасынан биік болады. Қарыса жиырылуды туғызу 

үшін тітіркендіру аралығы рефрактерлік кезеңнің ұзақтығынан 

кем болмау керек. Бұл мерзім əрекет потенциалының ұзақтығына 

(3 мс) шамалас.

Қалыпты əрекет үстінде бұлшық етке мотонейрондардан им-

пульстер жекелеп емес, топтасып келіп отырады. Олардың жиілігі 

нақтылы жағдайға жəне əрекет бірлестігінің табиғатына байла-

нысты өзгереді. Орталық жүйке жүйесінен келетін импульстер 

сирек болса, ет талшықтары дара жиырылу режимінде əрекет 

етеді, ал ол жиілесе, бұлшық ет тетанус жағдайына көшеді.

Қарыса жиырылу жағдайында бұлшық ет дара жиырылумен 

салыстырғанда, тез қажиды. Осыған байланысты бір бұлшық 

еттің өзінде əртүрлі əрекет бірлестігімен өтетін импульстер саны 

өзгеріп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет