Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет360/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

14.9. Парабиоз туралы ілім

Н. Е. Введенский ұзаққа созылған химиялық жəне физикалық 

тітіркендіргіштер əсерінен жүйке-ет препаратының жүйке тал-

шықтарында шектелген, таралмайтын қозу процесінің пайда 

болу заңдылықтарын ашып, қозғыш ұлпаларда дамитын функ-

ционалдық өзгерістердің белгілі бір жүйемен сатылы түрде өр-

битінін анықтаған. Өз зерттеулерінің нəтижесінде ол 1901 жылы 

«Қозу, тежелу жəне наркоз» атты еңбегін жариялап, парабиоз 

туралы теорияны ұсынды (грек тілінде para - маңы, bіos – өмір, 

тіршілік, демек парабиоз деген сөз тіршілік шегі, өлара күй) де-

ген мағына береді). Бұл теория қозу жəне тежелу процестерінің 

биологиялық мəнін ашып, қозудың тежелуге айналу сырын жəне 

соңғы құбылыстың тіршіліктің тоқтауына соқтырар қауіпі бар 

екенін көрсетеді.

Парабиоз құбылысының физиологиялық мəнін Н. Е. Вве-

денский ашса, оның шəкірттері бұл құбылыстың табиғатына тал-

дау жасады.

Н. Е. Введенский тəжірибесін бақаның жүйке-ет препараты-

мен жүргізген. Алдымен жүйкенің бір учаскесі эфир, хлороформ, 

новокаин, калий хлориды, т.б. тітіркендіргіш əсерімен еліт-



тірілген (альтерациялаған). Жүйке еліткенге дейін еттің жиы-

рылу күшінің тітіркендіру күші мен жиілігіне сəйкес өзгеретіні 

анықталған. Содан соң осы еліткен жерге, оның алдына жəне етке 

жақын бөлігіне индукциялық катушка электродтары қойылған 

(166-сурет). Жүйкенің еліткен жерінің электрлік күйін гальвано-

метрмен бақылап отырған. 




483

Енді осы жүйкені электр тогы-

мен тітіркендіргенде еліткен бө-

лік 


тің функционалдық күйінің өз-

герістерінде үш саты бай 

қалған. 

Жүйке еліткеннен соң күші мен 

жиілігі əртүрлі тітір 

кендіргішке 

ет бір деңгейде жауап береді. Оны 

жүй  кенің  құ былмалылық  қасиеті-

нің өзгерісімен түсіндіріп, бұл са-

тыны Н. Е. Введенский теңестіру 

немесе  трансформациялық саты 

деп атаған.

Тəжірибе əрі қарай жалғасқанда 

препарат күшті жəне жиі тітір кен-

діргішке əлсіз жиырылумен, ал əлсіз жəне сирек тітір кендіргішке 

– керісінше, күшті жиырылумен жауап берген. Ұлпа қасиетінің 

бұлай құбылуы бұрмалау, парадоксалдық саты деп аталған. Осы-

дан кейін препарат еш бір тітіркендіргішке жауап бермеген. Бұл 



тежелу сатысы. Еліт тіруші əсер əрі қарай жалғасса, тежелу са-

тысы тереңдеп, тіршілік белгілері - қозғыштық пен өткізгіштік, 

жойылады, ұлпа өлара (парабиоз) күйіне көшеді. Байқалған 

өзгерістерді парабиоз сатылары дейді. 

Еліттіруші факторлардың əсері тоқтаса, парабиоз тиылып, 

жүйкенің жансызданған бөлігінің бастапқы функционалдық күйі 

қалпына келеді. Айта кетер жайт, парабиоздан ұлпа кері тəртіппен 

шығады (алдымен тежелу сатысына көшеді, содан соң бұрмалау, 

теңестіру сатылары арқылы қалыпқа келеді). Ал еліттіруші фак-

тор əсері тиылмаған жағдайда ұлпа өліп қалады.

Жүйкенің еліткен жерінде əртүрлі тітіркендіргіштер əсерінен 

туындаған əрекет потенциалын зерттеу парабиоздың теңестіру 



сатысында жүйкенің еліткен бөлігінде құбылмалылық, онымен 

байланысты өткізгіштік төмендемейтінін көрсеткен. Сондықтан 

жүйкенің бұл бөлігі зақымданбаған бөліктен жеткен жиі тітір-

кеністерге синхронды жауап бере алмайды, оны өзгертіп, өз 

күйіне сəйкес сирек ырғақпен жауап қайтарады. Ал, сирек 

ырғақты тітіркеністер бұл жерден өзгеріссіз өткізіледі. Еліткен 

бөлікте тітіркеніс күші мен ырғағының өзгеруі нəтижесінде олар 

белгілі шамада теңгеріледі, сондықтан еттің жиырылу күші де 

теңеседі.

Парабиоздың бұрмалау сатысында еліткен бөлікте құбыл-

малылық, демек, жүйкенің өткізгіштігі одан əрі төмендей тү-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет