535
тітіркеністі шеткі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізеді. Қозғағыш
(моторлық) нейрондар аксоны жүйке импульстерін ОЖЖ-ден
дене еттеріне, ішкі ағзаларға жеткізеді.
Аксонның негізгі қызметі - жүйке импульсін өткізу. Бұл им-
пульстер аксон мембранасының өтімділігінің өзгеруіне байла-
нысты электр потенциалы түрінде аксон бойымен сомадан жүй ке
ұшына дейін толқын сипатта таралады. Аксон аяқталар жерінде
тарамданып, жіңішке тармақтар (терминалдар) түзеді де, əрбір
терминал өздері жалғасатын торшалармен арнаулы жалғамалар
(синапс) құрады.
Дендриттер жүйке торшасы өсінділерінің бұтақтана тар-
мақтануы нəтижесінде пайда болады. Олар басқа нейрондар
əсерін синапс арқылы қабылдайды. Əрбір жүйке торшасының
дендриттерімен жүздеген немесе мыңдаған нейрондар аксонының
терминалдары жалғасады. Əрбір қозған терминал медиатор
бөледі де, дендрит мембранасының өтімділігіне əсер етіп, оның
потенциалын өзгертеді.
Дендритте пайда болған синапстық потенциал одан əрі ней-
рон тұлғасына беріледі. Егер дендритте қоздырғыш синапстық
потенциал пайда болса, онда жүйке импульсінің туындау жиілігі
артады, ал тежегіш синапстық потенциал туындаса, керісінше, ол
кемиді.
Жүйке торшалары орталық жүйке жүйесінің функционалдық
негізі болғанымен, олар жүйке жүйесіндегі барлық торшалардың
тек 10 пайызын ғана құрайды. Ал, жүйке жүйесіндегі торшалардың
негізгі бөлігін нейрондар арасындағы кеңістікті толтырып
тұратын глиялық торшалар құрайды.
Олигодендроциттер жəне жүйкеқап
торшалары аксонды бой
лай орналаса-
ды. Астроциттер қан тамырлары мен
ней
рон дене
сінің арасында жатады.
Олар
дың кейбір өсінділері капиллярлар
қабырғасымен жанасады. Тамыр маңы-
ндағы осы өсінділер жұ лын-ми (гема тоэн-
цефалиялық) тосқауылы құрамына кіреді.
Ол қаннан нейрондарға тасымалданатын
қоректік заттардың құрамын реттейді.
Микроглия торшалары ми фагоциттері бо-
лып табылады. Олар торлы эндотелийлік
жүйенің құрамына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: