Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Нейрон жайлы жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет405/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

18.2. Нейрон жайлы жалпы түсінік

Организмдегі ең күрделі құрылым жүйке жүйесі болып табы-

лады. Ол өзара тор құра бірігетін ондаған миллиард жүйке тор-

шаларынан құралған (адамда жүйке торшаларының жалпы саны 

50 миллиардқа жетеді). Демек, жүйке жүйесінің құрылымдық 

жəне функционалдық негізі - жүйке торшасы немесе нейрон. 



Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын 

айтады. Əрбір нейронда төрт құрама болады: жүйке торшасының 



тұлғасы (денесі), қысқа өсінділер - дендриттер, ұзын өсінді - 

нейритаксон жəне аксон ұштары немесе терминалдар (184-су-

рет). Нейронның аталған құрамаларының əрқайсысы өзіне ғана 

тəн қызмет атқарады.



Нейрон тұлғасы, немесе сома, талдау - синтездеу процестерін 

жүргізеді. Оның құрамында ядро, рибосомалар, эндоплазмалық 

тор жəне басқа қосындылар болады. Нейрон денесінде медиа-

торлар, торша белоктары жəне басқа ком-

поненттер түзіледі. Сома нейронның əре-

кетін, біртұтастығын қамтамасыз етеді. Ол 

зақымданса, бүкіл нейрон қызметі бұзылады.

Аксон жүйке импульстерін басқа тор-

шаларға - жүйке, ет немесе секрециялық 

құрылымдарға, жеткізеді. Аксон - жүйке 

торшасының ұзын өсіндісі. Бірқатар ак-

сондар орталық жүйке жүйесін (ми мен 

жұлынды) шеткі ағзалармен жалғастырады. 



Сезімтал (сенсорлық) нейрондар аксоны 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет