Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Мотонейрон.  беткейіндегі синапстар 538



Pdf көрінісі
бет409/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

187-сурет. Мотонейрон. 

беткейіндегі синапстар




538

үйектеп, оның тек калий мен хлор ионына өтімділігін арттырады 

да, тежеуші постсинапстық потенциал (ТПСП) тудырады.

Орталық жүйке жүйесі нейрондарына катехоламиндер (до-

фамин, адреналин, норадреналин) мен серотонин қоздырушы да, 

тежеуші де əсер етеді. Катехоламиндер моноаминдер тобына жа-

тады, тирозин қышқылының туындысы болып табылады. Серо-

тонин де моноамин, ол трифтофаннан түзіледі. Сүт қоректілерде 

серотонин бөлетін нейрондар негізінен ми бағанында орналаса-

ды. Бұл медиатор ОЖЖ-нің жоғарғы бөлімдері мен жұлынның 

қызметтерін реттеуде, гипоталамустың дене температурасын 

реттеуінде маңызды рөл атқарады.

Аталған медиаторлардың қатысуымен орталық синапстарда 

қозу толқыны қалай беріледі? 

Аксон ұшына жеткен жүйке импульсі əсерімен синапс 

көпіршіктерінен медиатор бөлінеді. Бөлінген медиатордың көп 

молекулалы бір үлесін квант деп атайды. Əрбір көпіршік ішінде 

бір квант медиатор сақталады. Көпіршіктерден медиатор босанып 

шығуы үшін кальций иондары қажет. Сондықтан пресинапстық 

мембранаға жеткен жүйке импульсінің əсерімен кальций ар-

налары ашылып, кальций иондары аксонның пресинапстық 

ұшына өтеді. Осы кальций иондарының қатысуымен медиаторлы 

көпіршіктер пресинапстық мембранаға жақындап, онымен жабы-

сады да, медиатор синапстық саңылауға бөлінеді. Бұл құбылысты 

экзоцитоз деп атайды. Медиаторы бөлініп, солған көпіршік мем-

бранасы пресинапстық мембранаға қосылып кетеді де, оның 

беткейін үлкейте түседі. Одан əрі пресинапстық мембрананың бір 

жері аксон ұшының ішіне қарай томпайып шығады да, қайтадан 

медиатор жинақтайтын көпіршік пайда болады (эндоцитоз).

Бөлінген медиатор кванттары пресинапстық мембрана ар-

қылы синапстық саңылауға өтеді де, одан əрі постсинапстық 

мем  брананың белгілі бір бөліктеріне - рецепциялық учаскелеріне 

бе 

киді. Медиатор мен постсинапстық мембрана құрамындағы 



белок-липидтік кешеннің өзара əрекеттесуінің салдарынан мем-

бранадағы натрий иондары арнасының диаметрі қысқа мер-

зімге 3-4 есе кеңейеді. Осының нəтижесінде постсинапстық 

мембрананың натрий иондарына өтімділігі күрт жоғарылап, олар 

синапстық саңылаудан постсинапстық мембранаға өте бастайды 

да, мембрана үйексізденіп, қоздырушы постсинапстық потенциал 

туындайды. ҚПСП шектік деңгейге жеткенде əрекет потенциалы 

пайда болады. Бөлінген ацетилохин холинэстераза əсерімен өте 

шапшаң холин жəне сірке қышқылына ыдырады.

Функционалдық ерекшеліктері баяндалып өткен химия 

лық 

синапстармен қатар организмде электрлік синанстар да кез-




539

деседі. Олардың синапстық саңылауы тар келеді, сондықтан пре-

си напс тық мембранаға жеткен əрекет потенциалы бірден пост-

си напстық мембранаға таралады. Бұл синапстар тек қоздыру шы 

синапстар болып табылады. Электрлік синапстар көбіне, тө менгі 

сатыда дамыған жануарларда кездеседі. Дегенмен, олар сүт 

қоректілердің ОЖЖ-де де табылған. Құрсақтық даму барысында 

олардың саны кемиді де, мида онша көп ұшыраспайды. Жү ректе, 

ішкі ағзалар бірыңғай саласы еттерінде, бездерде электрлік си-

напстар көптеп кездеседі.

Кейбір синапстарда қозуды таратудың химиялық жəне электр-

лік механизімдері қатар сақталады. Оған синапстық саңылау 

мөл шерінің өзгеріп отыруы себепкер болады. Саңылау тар жер-

лерде қозу толқыны электрлік жолмен, ал ол кеңейген жағдайда 

химиялық механизм көмегімен - медиаторлар бөлу арқылы, та-

ралып отырады. Мұндай синапстарды аралас синапс деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет