Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет408/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   542
18.3. Орталық синапстар

Орталық синапс деп аксон ұшының басқа жүйке торшасының 

денесімен немесе өсінділерімен жалғасқан жерін айтады. Бір 

аралық не қозғағыш нейрон беткейімен жүздеген, тіпті, мыңдаған 

басқа нейрондар аксондары жанасады (187-сурет). Орталық си-

напстар орналасуына қарай аксосомалық, аксодендриттік жəне 

аксоаксолық болып бөлінеді. Егер аксон басқа жүйке торшасының 

денесімен жалғасса, оны аксосомалық, дендритімен жалғасса, 

аксодендриттік, ал аксонымен жалғасса, аксоаксолық деп атайды. 

Қызметіне қарай синапстар қоздырғыш жəне тежеуші болып 

бөлінеді. Олардың əрқайсысына біраз құрылымдық ерекшеліктер 

тəн.  Қоздырғыш синапстар негізінен аксодендриттік болып 

келеді. Олардың синапстық саңылауы кеңірек (300 Å шамасында), 




537

постсинапстық мембранасы қа  -

лың жəне тығыз болды. Си-

напс саңылауында табақшалар 

түрінде бос жатқан арнаулы 

қосындылар кездесіп қалады. 

Медиаторлар көпіршіктері ірі, 

дөңгелек пішіндес келеді. Те- 



жеуші синапстардың саңы-

лауы қоздырғыш синапс 

саңы 

лауынан 1,5-2 есе кем, 



постсинапстық мембранасы 

жұ

  



қа, медиаторлар көпір 

шік-


тері майда, сопақша келеді де, 

синапстық саңылауда қосындылар болмайды.

Қоздырғыш жəне тежеуші синапстар медиаторларының сипа-

тымен ерекшеленеді. Қоздырғыш синапстар қозу толқынын аце-



тилхолин медиаторын бөлу арқылы таратады. Ацетилхолиннің 

артық мөлшері холинэстераза ферментінің əсерімен шапшаң 

бұзылып отырады. Орталық жүйке жүйесінде холинэргиялық 

синапстар өте кең тараған, олар жұлында, торлы құрылымда, 

мишықта, қыртыс асты түйіндерде, үлкен ми жарты шарларында 

кездеседі.

Орталық жүйке жүйесінде қоздырғыш медиаторлар қатарына 

глутамин жəне аспарагин қышқылдары (глутамат жəне аспартат) 

жатады. 


Синапстық саңлаудан бұл аталған медиаторларды жүйке жəне 

глиялы торшалар сіңіріп алып отырады.

Қоздырғыш медиатор постсинапстық мембрананы үйексіздеп, 

оның натрий, калий, хлор иондарына өтімділігін арттырады да, 

қоздырғыш постсинапстық потенциал (ҚПСП) тудырады.

Тежеуші синапстар өз қызметін гамма-аминді май қышқылын 



(ГАМК)  жəне глицинді бөлу арқылы атқарады. ГАМК əрі пост-

синапстық, əрі пресинапстық тежелуді тудыратын медиатор. 

Ол жұлын нейрондарында да, ми нейрондарында да табылған. 

Оның тежеуші əсері үлкен ми жартышарлары, ми бағаны тор-

шаларында, жұлынның қозғағыш нейрондарында байқалған. 

Ал, глицин тек жұлын торшаларының медиаторы болып санала-

ды. Ол Реншоудың тежеуші нейрондары орналасқан аймақтарда 

көп кездеседі. Аталған екі медиаторды да синапстық саңылаудан 

жүйке жəне глиялы торшалар сіңіріп алып отырады.

Тежеуші медиаторлар постсинапстық мембрананы гипер-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет