Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет415/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

194-сурет. Əрекет ізі: 

А – күшті тітіркендіру, 

Ə – əлсіз тітіркендіру. 

1 - аяқ қимылының бей-

несі, 2 - рецепторды ті тір  

кендіру белгісі, 3 - уақыт 

белгісі (0,5 сек)



548

данғанда əрқайсысы қозу процесін тудырмайтын əлсіз тітір-

кендіргіштер əсері ырғақты қайталанған жағдайда жүйке орта-

лығында қозу пайда болып, қозғағыш жүйке арқылы атқарушы 

органға импульс бағытталатынын байқаған (195-сурет). Мыса лы, 

бақа сирағына əлсіз тітіркендіргішпен əсер етсе, оған жауап ре-

акция байқалмайды. Ал дəл осы сираққа əлсіз тітіркендіргіш тер-

мен бірнеше рет тіркес əсер етсе, онда жауап реакциясы туындап, 

бақа аяғын бүгеді. Осы құбылысты И.М.Сеченов тізбекті жи-

нақ тау деп атаған. Бұл құбылыстың сырын былай түсіндіруге бо-

лады. Əлсіз тітіркендіргіш əсерімен бөлінген медиатор мөлшері 

қоздырушы постсинапстық потенциал тудыруға жеткіліксіз бо-

лады. Ал белгілі бір синапсқа бірнеше əлсіз ипмульстер тіркес 

келсе, онда əр импульске бөлінген медиаторлар жинақталады да, 

олардың жалпы мөлшері қоздырушы постсинапстық потенциал 

тудыруға жеткілікті деңгейге көтеріледі.

Жүйке орталықтарында тізбекті жинақтаумен қатар ауқымды 



жинақтау құбылысы да байқалады. Егер сезімтал жүйкені əлсіз, 

күші табалдырықтан төмен тітіркендіргішпен тітіркендірсе, жау-

ап реакция болмайды. Дəл осындай күші бар тітіркендіргіштермен 

бірнеше афференттік жүйкені бір мезгілде тітіркендірсе, олардан 

келген импульстер жүйке орталығында жинақталып, рефлекс ту-

ындайды. 



Сопақтану (даңғылдану) феномені. Жүйке орталықтарына бір-

бірінің қозғыштығын жоғарылата тын 

қасиет тəн. Сондықтан орталық жүйке 

жүйесінде тек тітіркенген аймақтың 

ғана қоз ғыштығы жоғарыламай, оның 

басқа бөлімдерінің де қозғыштық 

қасиеті артады. Бұл құбылыстың негі-

зінде қозудың орталық жүйке жүйе-

сінің басқа аймақтарына жайыла тара-

лу қасиеті жатады. Дегенмен, қозудың 

орталық жүйке жүйесімен таралуы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет