551
негізінде күшті қозған орталықтың
басқа орталықтардан өзіне қозу
толқынын тартатын жəне бас-
қа орталықтардың қызметін те-
жеп тастайтын қабілеті жатады
(197-сурет). Сондықтан организм
үшін биологиялық мəні зор тітір-
кендіргіштің əсерімен орталық
жүйке жүйесінде пайда болған до-
минантты қозу ошағы өзінің қозу
деңгейін осы мезгілде əсер ететін
басқа тітіркендіргіштер əсерінен
арттыра түседі де, олар тудыратын
қозуды, жауап реак цияларды тежеп
тастайды. Осының нəтижесінде
организм биологиялық мəні зор тітіркендіргішке байланысты
маңызды əрекетті ғана атқарады.
Доминантты қозу орталықтарына бірнеше физиологиялық
ерек шеліктер: зор қозғыштық, қозу импульстерін жинақтау,
қозу толқынының ұзақ сақталуы жəне инерттік тəн болады.
Тонус. Жүйке орталықтары əркез əлсіз қозу жағдайында бола-
ды. Тіпті, организмнің тыныш күйінде, ешқандай рефлекс атқа-
рыл маған сəттердің өзінде, жүйке орталықтарынан импульстер
тарап отырады да, қаңқа еттері тонус - əлсіз ширығу жағдайында
болады. Жүйке орталықтарының тонусы рецепторлардан келетін
импульстер мен гуморальды заттардың əсерімен байланысты.
Қарқынды зат алмасу. Жүйке орталықтарында зат алмасу
процесі қарқынды жүреді. Жүйке торшаларының əрекеті кезінде
зат алмасу процесі күшейе түседі. Рефлекстерді атқару барысын-
да жұлындағы зат алмасу қарқыны 3-4 мəрте өседі де, ол оттегіні
тыныштық күймен салыстырғанда, 3-4 есе көп сіңіреді, глюкоза-
ны көп шығындап, көмір қышқыл газын мол бөледі.
Шапшаң қажығыштық. Жүйке орталықтарына қажығыштық
қасиет тəн. Ол зат алмасу процесінің қарқындылығымен байла-
нысты. Орталық жүйке жүйесіндегі қажу процесі ең алдымен,
нейронаралық синапстардан қозу процесінің өтуінің нашарлауы-
мен байланысты. Қажу процесі аксон ұшында медиаторлардың
күрт азаюы, постсинапстық мембрананың медиаторға сезімтал-
дығының төмендеуі, торшалардағы энергия қорының кемуі сал-
дарынан туындайды. Оған қанда алмасу өнімдерінің жинақталуы,
көмір қышқыл газдың көбеюі, оттегі тапшылығы да себепкер бо-
лады.
197-сурет. Басымдылық фено-
мені:
А – доминантты орталық,
Ə – доминантты орталықпен ре-
ципрокты байланыстағы қозу кү-
йіндегі орталықтар, Б – қосалқы
тітір кендіргіштер, В – доминантты
орталық қамтамасыз ететін əре-
кеттер