роны. Нұсқа
542
18.5. Рефлекстердің жіктелуі
Рефлекс алуан түрлі болады. Оны бірнеше принципті негізгі
ала отырып жіктеуге болады.
1. Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану,
жыныстық, бағдарлау, т.б. болып бөлінеді.
2. Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстеро
ре-
цеп
тивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып жік
-
теледі. Экстерорецептивтік рефлекстер дененің бет
кей
ін
де,
ин терорецептивтік рефлекстер - ішкі ағзаларда, ал про при оре цеп-
тив тік рефлекстер - ет пен буында орналасқан рецеп тор лардың
тітіркенуінен басталады.
3. Жүйке орталықтарының орналасу орнына қарай рефлек-
стер жұлындық, булбарлық, мезэнцефальдық, диэнцефальдық
жəне қыртыстық болып бөлінеді. Демек, рефлекс күрделілігіне
қарай жұлында, сопақша мида, ортаңғы мида, аралық мида не-
месе ми қыртысында орналасқан орталықтардың басқаруымен
атқарылады. Əрине рефлекстің бұл негізде жіктелуі көп
жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі ОЖЖ-
ің əртүрлі құрлымдары арасында тығыз морфологиялық жəне
функционалдық байланыс болады. Мысалы, ми қыртысы, ОЖЖ-
нің ең күрделі жəне ең жоғары бөлімі болғандықтан, мидың
əртүрлі бөлімдері мен жұлының қызметін үйлестіріп, бағыттап
отырады.
4. Эфференттік бөлімнің сипатына қарай рефлекстер тəн-
дік (сомалық) жəне вегатативтік болып бөлінеді. Сомалық реф-
лекстердің эффекторлары дене еттері болса, вегатативтік реф-
лекстер əртүрлі ішкі ағзалар мен қан тамырларының қызметінің
өзгеруімен бейнеленеді.
5. Жауап реакциясының түріне қарай рефлекстер қимыл-
əрекет, сөл бөлу, т.б рефлекс болып бөлінеді.
6. Эффекторға əсеріне байланысты рефлекстер қоздырғыш
жəне тежеуші болып бөлінеді.
7. Барлық рефлекстерді табиғатына қарай шартсыз жəне
шартты деп топтастырады.
Шартсыз рефлекстер - туа пайда болған рефлекстер. Олар
белгілі бір жануарлар түріне тəн, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Əрбір
шартсыз рефлекс белгілі бір рецептивтік өрістің тітіркенуімен
басталады жəне шартсыз рефлекс доғасы ОЖЖ-нің төменгі
бөлімдерінде тұйықталады.
Шартты рефлекстер тіршілік барысында жүре пайда бол-
ған, жеке дарақтарға ғана тəн жəне ұрпақ қуаламайтын рефлекс-
тер. Оның тұрақты рефлекстік өрісі болмайды (мысалы, шартты
543
сілекей бөлу рефлексін электр шамына, қоңырауға, терінің əртүрлі
бөліктерін тітіркендіруге, т.с.с қалыптастыруға болады). Шарт-
ты рефлекстер доғасы үлкен ми жарты шарлары қыртысында
тұйықталады.
Шартты рефлекс белгілі бір табиғи əрекетті тудыратын үй-
реншікті тітіркендіргіштің əсерінен емес, осы тітіркендіргішпен
қабаттасқан белгінің - шартты тітіркендіргіштің əсерімен байла-
нысты қалыптасады. Демек, кез келген шартты рефлекс шарт-
ты тітіркендіргішті қабылдайтын анализатор орталығы мен
шартсыз əрекетті реттейтін орталық арасында уақытша
байланыстың пайда болуының нəтижесі болып табылады.
Шартты рефлекстер бір-бірінен шартты жəне табиғи тітір-
кендіргіштердің, организм мен осы тітіркендіргіштер түрінде
бейнеленген сыртқы орта қатынастарымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: