Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жұлынның құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет425/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

19.2. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Жұлын филогенездік тұрғыдан орталық жүйке жүйесінің ең 

ерте пайда болған көне бөлімі. Ол - омыртқа өзегінде орналасқан 

ақ ызба бау тəрізді зат. Жұлынның ортасынан сұйыққа толы 

жіңішке жұлын өзегі өтеді. Жұлынның үстіңгі жəне астыңғы 

жағында оны бойлай терең сайлар созылып жатады. Осы сайлар 

арқылы жұлын оң жəне сол жақ жарты бөліктерге бөлінеді.

Жұлынның көлденең қиын-

 

дысында ақ жəне сұр зат бай-



қалады. Сұр зат пішіні жа ғынан 

қанатын жайған көбе 

лекке ұқ-

сас. Ол жұлынның ортаңғы бө-

лігінде орналасқан торшалар 

жиын 


тығы болып табылады. 

Ақ зат жұлын мас сасының шет 

жағында сұр затты қоршай ор-

наласады. Ол жұлын түйінінде 

жəне сұр затта орналасқан ней-

рондар ак 

сонынан - үлпекті 

жүй ке  талшықтарынан  құралған 

(201-сурет).

Ақ зат белгілі қызмет ат-

қаратын талшықтар бағанына 

немесе шоғырына бөлінеді. Бір бағандар (тіндер) жұлын түй ін-

дерінің орталыққа теп кіш тал шықтарынан құра ла ды да, қозуды 

жұлын түйіні нен жұлынның алдыңғы сегмент те ріне немесе миға 

жет 


кізеді. Бұл құрылым жұлынның өрлеу немесе жоғарылау 

жолы деп аталады. Енді бір бағандар қозуды ми мен жұлынның 

алдыңғы сегменттерінен жұлынның ас тың ғы (вентральды) мүй-

ізінде орналасқан қозғағыш нейрондарға жеткізетін тал 

шық-


тардан құралады, оларды ылдилау немесе төмендеу жолдары деп 

атайды.


Жұлын - жеке-жеке сегменттерден жəне олармен біте бай-

ланысқан екі үстіңгі (дорзальды) жəне екі астыңғы (вентраль-

ды) түбірлерден құралған ерекше орган. Үстіңгі түбір арқылы 

аралық немесе қозғағыш нейрондармен жалғасқан орталыққа 

тепкіш жүйке талшықтары өтеді. Ал астыңғы түбір вентральды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет