Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет419/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   542
198-сурет. Үдемелі постсинапстық тежелу сызба-

сы: 


1 - еттің ұршықты тор шасы; 2 - сезімтал нейрон; 

3 - аралық қоздырушы нейрон; 4 - жазғыш еттерді жүй-

келендіретін қозғағыш нейрондар; 5 - жазғыш еттердегі 

қозғағыш жүйке ұштары; 6 - аралық тежеуші нейрон

7 - бүккіш етті жүйкелендіретін қозғағыш нейрон; 

8 - бүк кіш еттегі қозғағыш жүйке ұштары; 9 - бүккіш ет; 

10 - жазғыш ет



554

нейрондар белсенділігін төмендетеді (199-сурет). Бұл қозғағыш 

нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм болып 

табылады. Осы баяндалған қайтарымды постсинапстық те-

жеу процесі орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріне тəн 

құбылыс.


Постсинапстық тежелу стрихнин мен сіреспе токсинының 

əсерімен тоқтайды. Аталған заттар қозу процесіне əсер етпейді. 

Постсинапстық тежелу құбылысын басып тастаса, орталық 

жүйке жүйесіндегі қозу процесінің даму заңдылығы бұзылып, ол 

кең жайылады да, дене құрысып, ет тартылады.

Бастапқы тежелу постсинапстық мем-

брана қасиеттері өзгер 

мей-ақ, басқа се-

беп 

тердің салдарынан да туындауы 



мүмкін. Мұн 

дай жағдайда тежелу про-

цесі аксонның майда тармақтарында - 

пре 


синапстық терминалдарда, пайда бола-

ды. Болжамдарға сəй кес осы пресинапстық 

терминалдарда арнаулы аралық тежегіш нейрондар аксонының 

аксоаксондық тежегіш синапстары орналасады (200-сурет). 

Мерзім жағынан мұндай тежелу осы аксондар ұшында байқалатын 

созылыңқы үйексізденумен тұстас келеді. 

Бастапқы тежелудің тағы да бір түрі - пресинапстық те-

желу. Пресинапстық үйексіздену баяу дамиды жəне ұзаққа со-

зылады. Пресинапстық тежелу постсинапстық тежелуден фар-

макологиялық жағынан да ерекшеленеді. Стрихнин мен сіреспе 

токсины оған əсер етпейді, бірақ түрлі есірткілер (хлоралоза, 

нембутал) оны күшейтеді əрі сақталу мерзімін ұзартады.

Пресинапстық тежелудің биологиялық маңызы оның аф-

ференттік импульстердің жүйке орталықтарына бағытталуын 

шек 


теуінде. Демек, тежелудің бұл түрі жүйке орталығына ба-

ғытталатын афференттік сигналдарды екшеп отыратын меха-

низм болып табылады. Осының нəтижесінде əлсіз, асинхронды 

импульстер жүйке орталығына жіберілмей, тек маңызы күшті 

афференттік импульстер ғана өткізіліп, орталық жүйке жүйесі 

мəні аз, əлсіз импульстерден қорғалады, оларды өңдеуден құ-

тылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет