565
жауап реакцияны тудыруға бүкіл бірлестік құрамындағы нейрон-
дар тартылады.
Альфа-мотонейрондар жиілігі секундына 200–300 импуль-
стен аспайтын əрекет потенциалына жауап беріп үлгереді. Əрекет
потенциалының амплитудасы 80–100 мВ-ға жеткеннен кейін 50–
150 мс мерзімге созылатын іздік гиперүйектену туындайды.
Импульстер тудыру мүмкіндігіне жəне потенциал деңгейіне
қарай алфа-мотонейрондар фазалық жəне тонустық болып
бөлінеді. Фазалық мотонейрондар шапшаң əрекеті «ақ еттерді»,
ал тонустық мотонейрондар - баяу əрекетті «қызыл еттерді»
жүйкелендіреді.
Альфа-мотонейрондардың қызметін реттеуде аксондардың
бүйір тармақтарынан түзілген кері байланыстық жүйе мен ар-
наулы тежегіш нейрондар – Реншоу торшаларының маңызы
зор. Олардың қайтарымды тежегіш ықпалының арқасында қозу
мен тежелу процестерінің арасындағы үйлесімділік қамтамасыз
етіледі.
Гамма-мотонейрондар интрафузальдық (ішкі шүйкелік) ет
талшықтарын жүйкелейді. Альфа-мотонейрондармен салыстыр-
ғанда олар сирек ырғақты тітіркендіргіштермен тітіркенеді жəне
оларда гиперүйектену нашар туындайды. Бұл нейрондар еш-
бір қимыл-əрекет тудырмай, тек интрафузальдық ет талшық та-
рын ғана жиырылтады. Осының нəтижесінде олардағы рецеп-
203-сурет. Гаммамотонейронның
жалпы сызбасы:
1 - миға бағыт тал-
ған жол; 2 - дорсальдық түбір; 3 - вен-
т раль дық түбір; 4 - тері рецепторлары;
5 - əре кет табақшасы; 6-ұршық тəрізді
торша
Достарыңызбен бөлісу: