Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет426/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

201-сурет. Жұлынның көлденең ке-

сін  дісінің  бейнесі: 

1 - вентральдық 

мү йіз; 2 - астыңғы түбір; 3 - эфференттік 

жүйке; 4 - афференттік жүйке; 6 - үстіңгі 

түбір;  7 - дорсальдық мүйіз; 8 - жұлын-

ның аралық нейрондары; 9 - сұр зат 



564

мүйізде орналасқан қозғағыш нейрондар аксонынан құралады. 

Жұлынға үстіңгі түбірмен келетін жəне астыңғы түбір арқылы 

шығатын жүйке талшықтарының саны бірдей болмайды. Мысалы, 

мысықтың бел омыртқаларының үстіңгі түбірінде 12 мың жүйке 

талшықтары болса, астыңғы түбірінде 6 мың ғана талшықтар бо-

лады. Демек, бір қозғағыш нейрон бірнеше рецепторлардан кел-

ген импульстер үшін ортақ жол болып табылады.

 Жұлын түбірлерінің физиологиялық маңызын XІX ғасырдың 

бірінші жартысында Ч.Белла мен Ф.Мажанди анықтаған. Олар 

тəжірибе жүзінде үстіңгі түбірді қиып тастағанда сезімталдықтың 

жойылатынын, ал астыңғы түбірді қиғанда қимыл əрекетінің 

бұзылатынын дəлелдеген (202-сурет).

Жұлында шамамен 13 млн нейрон болады. Осы нейрондардың 

жал 

пы санының шамамен 3 пайызы 



эфференттік немесе қозғағыш ней-

рондар, ал қалған 97 пайызы ара лық 

нейрондар үлесіне тиеді. Қоз 

ғағыш 


нейрондар жұлынының шы 

ғар жо-


лын құрайды. Олар альфа-, гамма-

қозғағыш нейрондар жəне веге 

та-

тивтік жүйке жүйесінің түйін алды 



нейрондары болып бөлінеді.

Альфа-қозғағыш нейрондар жұ лында пайда болған импульс-

терді қаңқа еттеріне бағыттайды (203-сурет). Бұл нейрондардың 

аксоны көп тармақтанады да, өз терминалда рымен жүздеген ет 

талшықтарын қам тып, олармен əрекет бірлестігін құрайды.

Бір бұлшық етті жүйкелендіретін бірнеше қозғағыш нейрон-

дарды мотонейрондық бірлестік немесе мотонейрондық пул деп 

атайды. Оның құрамына қатар орналасқан бірнеше сегменттердің 

қозғағыш нейрондары кіруі мүмкін (204-сурет).

Қозғағыш нейрондар бірлестігінің құрамындағы торша 

лар-


дың қозғыштығы əртүрлі болады, сондықтан əлсіз тітіркен-

діргіштердің əсерімен олардың тек бір бөлігі ғана қозады да, 

тек бірнеше ет талшықтары жиырылады. Бірлестіктің мұндай 

əлсіз күш əсер етпейтін нейрондарында қозу пайда болмағанмен, 

олардың мембранасы үйексізденіп, қозғыштығы жоғарылайды. 

Тіртіркендіргіш күші өскен сайын олардың белсенділігі артып, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет