Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Орталық жүйке жүйесі қызметін зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет424/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   542
19.1. Орталық жүйке жүйесі қызметін зерттеу əдістері

Орталық жүйке жүйесінің физиологиялық қасиеттері мен 

қызметін көптеген əдістермен зерттейді. Ең ескі жəне зертхана 

мен клиника жағдайында кеңінен қолданылатын əдіс - бақылау 

əдісі. Бұл əдістің көмегімен көптеген құнды мағлұматтар жи-

нақталған. Бірақ организмде жүретін процестердің, байқалатын 

құбылыстардың мəнін терең ұғыну үшін жəй бақылау жеткіліксіз

оған арнайы əсер ете отырып, туындаған өзгерістердің сипатын 

анықтау керек.

Орталық жүйке жүйесі қызметін зерттеу əдістерінің ішінде 

ертеден қолданылып келе жатқан эксперименталдық əдістің бірі - 

экстирпация (сылып тастау) əдісі. Мидың белгілі бір бөліктерін 

ойып алу арқылы, оларға тəн қызметтер анықталады. Экстирпа-

ция əдісіне көптеген кемшіліктер де тəн. Мидың белгілі бір бөлігі 

сылынып тасталғаннан соң организмде байқалатын өзгерістер 

тек сол бөлімнің қызметінің тыйылуымен ғана емес, орталық 

жүйке жүйесінің біртұтастық қасиетінің жойылуының салдары-

нан да туындайды. Сонымен қатар əртүрлі сатыда дамыған жану-

арларда операция салдары, ОЖЖ-сі қызметіндегі ауытқулар ор-

ганизм функцияларындағы өзгерістер түрлі дəрежеде байқалады. 

Осымен байланысты экстирпация əдісін пайдалану нəтижесінде 

құнды деректер жинақталғанына қарамастан əртүрлі жансақ 

пікірлер де қалыптасты. Сондықтан қазіргі кезде бұл əдіс сирек 

қолданылады жəне оны қолдана қалған кезде түрлі қосымша 

бақылау тəсілдері пайдаланылады.

Орталық жүйке жүйесі қызметін зерттегенде тітіркендіру 

əдісі де кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда белгілі бір тітір-

кен 


діргішпен орталық жүйке жүйесінің нақтылы аймақтарына 

əсер етіп, организм функцияларында туындаған өзгерістерді 

ба қылайды. Көбінесе, тітіркендіргіш ретінде күші, əсер жиілігі 

əртүрлі электр тогын қолданады. Тиісті операция арқылы ашыл-

ған ми құрылымдарына токтың əсері арнаулы электродтар арқы-

лы беріледі.

36–888



562

Тітіркендіру əдісі қазіргі кезде екі нұсқада - жедел жəне со-

зылмалы тəжірибе жағдайында, қолданылады. Соңғы нұсқада ар-

наулы хирургиялық операция арқылы мидың белгілі бір құрылы-

мына электродтар біте қондырылады да, зерттеуші кез келген 

уақытта ми құрылымына нақтылы əсер етіп, қажетті мағлұматтар 

жинайды.

Орталық жүйке жүйесі физиологиясын зерттеуде электро-



энцефалография əдісі (ЭЭГ) маңызды орын алады. Организм-

нің əрбір тірі торшасы сияқты жүйке торшаларына да электро-

физиологиялық құбылыстар тəн жəне торша тыныштық күйден 

белсенді жағдайға көшкенде онда белгілі заңдылықпен дамитын 

өзгерістер байқалады. Сондықтан электрлік ауытқуларды зерттеу 

арқылы жүйке жүйесі қызметінің зандылықтары жайлы құнды 

деректер алуға болады.

Орталық жүйке жүйесі электрофизиологиясының негізі өт-

кен ғасырдың 70-жылдарында В. Я. Данилевский мен Р. Кэттон, 

И. М. Сеченов пен басқа ғалымдардың зерттеулері нəтижесінде 

қаланды. 1929 жылы Австрия физиологы Г. Бергер киевтік про-

фессор В. В. Правдич-Неминский тəсілін қолданып, алғаш рет 

адам миының үлкен жарты шарларының биотогын жазды. Осы 

кезден бастап, электрофизиологияның жаңа саласы - электроэн-



цефалография пайда болды. Қазіргі кезде электроэнцефалогра-

фия тек физиологиялық эксперименттерде емес, клиника жағ-

дайында да кеңінен қолданылады.

Қазақстанда нейрофизиология зертханасы Ұлттық ғылым 

академиясының физиология институтында ХХ ғасырдың 70-жыл-

дарында ашылды. Микроэлектродтық техника, ЭЭГ əдістерін 

қолдана отырып, лаборатория қызметкерлері өте құнды деректер 

жинақтап, жұлынның дене температурасын реттеудегі маңызын 

ашты (С. Ж. Тлеулин, т.б).

Соңғы жылдары микроэлектрофизиология жетістіктерімен 

байланысты орталық жүйке жүйесі физиологиясын зерттеуде жұ-

лын мен мидың əртүрлі бөліктері нейрондарының электрлік бел-

сенділігін зерттеу тəсілдері кеңінен қолданыла басталды. Бұл əдіс 

жеке нейрондар мен түйіндердің физиологиялық маңызын, ор-

талық жүйке жүйесіндегі синапстық байланыстардың құпиясын 

ашуда маңызды орын алып отыр.

Мидың жоғары бөлімдерінің қызметін зерттеуде И. П. Пав-

лов ұсынған шартты рефлекстер əдісінің маңызы да өте зор. 

Шартты рефлекстер орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері 

қыз метінің табиғи бейнесі болып табылады, сондықтан оларды 

бақылау арқылы мидың тиісті бөлімдерінде жүретін физио 

ло-



563

гиялық процестер жайлы терең мағлұматтар жинауға болады. 

Дегенмен, орталық жүйке жүйесі физиологиясын зерттегенде 

аталған əдістерді дара-дара емес, кешенді түрде пайдаланған 

орынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет