583
пульстер де жетіп отырады. Гипоталамустың ми қыртысының
иістік бөлімімен де тікелей байланысы болуы мүмкін. Гипатала-
мус көру төмпегі мен ми қыртысын вегетативтік жүйке жүйесімен
жалғастырушы буын болып табылады. Сол себепті гипотала-
мус вегетативтік функцияларды реттеуде, симпатикалық жəне
парасимпатикалық реакциялардың атқарылуында маңызды орын
алады. Гипоталамус дене температурасын реттеуге қатысады.
Сұр төмпекті зақымдағаннан кейін жануарлар организміндегі
жылу түзу жəне жылу бөлу процестері бұзылып, дене темпе-
ратурасы тұрақты деңгейде сақталмайды, салқын қанды жа-
нуарларға тəн құбылыс байқалады. Гипоталамусте белоктың,
майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасу-
ын реттейтін орталықтар орналасады. Мидың бұл құрылымы
вегетативтік жүйке жүйесінің, ішкі секреция бездерінің жəне
нейрогуморальдық механизмдердің жоғары деңгейлі үйлесімін
қалыптастырады. Супраоптикалық ядроны тітіркендіргенде мал
иеді, сүт береді, ал паравентрикулярлық ядроны тітіркендір-
ген де исінеді. Гипоталамустың артқы ядролары симпатикалық,
алдыңғы ядролары парасимпатикалық реакцияларды реттейді де-
ген болжам бар.
Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта
арасындағы байланысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде оның жыныстық жəне агрессивті қорғаныс реф-
лекстеріне қатысы анық дəлелденген. Гипоталамустың вентро-
медиальдық ядроларын тітіркендіріп мысықты қатты ызалан-
дыруға болады. Осы ядролар аймағында тояттау орталығы да
ор
наласқан. Бұл орталық зақымданса, мал азықты көп қабыл-
дай ды да, денені май басады. Гипоталамустың бүйірлік ядрола-
рында ашығу орталығы орын тебеді. Олар зақымданса, мал азық
қабылдамай, ашығады. Осыдан қан құрамындағы глюкоза, амин
жəне май қышқылдары, т.б. заттар концентрациясы төмендейді
де, нақтылы нейрондардың белсенділігі артып, малдың қорек
қабылдауға бағытталған мінез-қылықтық əрекеттері күшейеді.
Супраоптикалық ядродан дорсолатеральдық бағытта шөлдеу
орталығы орналасады. Бұл орталықты тітіркендіргенде су көп
ішіліп (полидипсия), ал оны зақымдағанда - мал су ішпей қояды
(адипсия).
Гипоталамустың преоптикалық аймағында организмнің ішкі
ортасының осмостық қысымының деңгейін реттеуге қатысатын
ерекше нейрондар - осморецепторлар табылған. Олар осмо-
метр принципімен əрекет етеді. Бұл нейрондарда осмостық
қысымы тұрақты деңгейде болатын сұйыққа толған вакуольдер
584
болады. Осы сұйық пен торша сыртындағы сұйықтың осмос-
тық қысымының айырмасына байланысты нейрон белсенділігі
өзгеріп, денедегі осмостық қысымның тұрақтылығын сақтауға
бағытталған физиологиялық əрекеттер туындайды. Егер ұлпа
аралық сұйық пен қанның осмостық қысымы жоғарыласа,
осмос заңына сəйкес су осморецепторлар вакуольдерінен сыртқа
шығып, вакуольдер мен осморецепторлық торшалар солады.
Осының нəтижесінде осморецепторларда туындайтын импуль-
стер жиілейді. Мұның салдарынан гипофиздің артқы бөлігінде
антидиурездік гормонның (АДГ) түзілуі күшейеді. АДГ əсерімен
бүйректе судың кері сорылу процесі артады да, қанның осмостық
қысымы төмендейді. Ұлпа аралық сұйық пен қанның осмостық
қысымы төмендесе, су осморецепторлар вакуольдеріне өтеді
де, вакуоль мен торша керіледі. Бұл жағдайда осморецепторлар-
да туындайтын импульстер ырғағы азаяды да, АДГ-ның бөлінуі
тежеліп, бүйрек арқылы су көп шығарылады, организмдегі су
мөлшері азаяды.
Гипоталамус гипофизбен өте тығыз морфологиялық жəне
фун
кциялық байланыста болады, сондықтан оларды гипотала-
мус-гипофиздік жүйеге біріктіреді (ішкі секреция бездеріне
арналған тарауды қараңыз). Организмдегі түрлі процестерді
реттеуде рөлі зор болғанымен, гипоталамус өз қызметін мидың
жоғарғы бөлімдерінде орналасқан орталықтардың басқарушы,
реттеуші əсерімен атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: