577
ми сабағының, сопақша ми мен ортаңғы
мидың, басқаруымен атқарылады. Дене
қалпын сақтау рефлекстері тепе-тең-
дік (статикалық) жəне
қимыл-қозғалыс
(ста токинетикалық) реф лекстері болып,
екі топқа бөлінеді. Тепе-теңдік рефлекстері тыныштық кезін-
де, мал тұрған немесе жатқанда дененің қалыпты кейпін, тепе-
теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін қимыл əре
кеттер. Ста-
токинетикалық рефлекстер - дене қозғалысы ке зінде байқалатын
қимыл реакциялары. Олар кейіптену (дене қал пын сақтау) жəне
тұлға түзеу (мақсаттық) болып екі топқа бөлінеді.
Кейіптену рефлекстері. Бұл рефлекстер дененің тепе-тең-
дігін сақтауды қамтамасыз етеді. Олар əсер көзіне байланысты
мойындық жəне вестибулалық (сағалық немесе лабиринттік) бо-
лып бөлінеді.
Мойынның қалпын сақтау (тонустық) рефлекстері бас
тың
кейпінің өзгеруінің салдарынан мойын бұлшық ет проприоре-
цепторларының тітіркенуімен басталады. Бұл рефлекстерді ал ғаш
рет Голландия физиологы Р. Магнус мидың сопақша мидан басқа
барлық бөлімдері алынып тасталған мысыққа тəжірибе жасап, зерт-
теген. Мысықтың басын шалқайтқанда алдыңғы аяқтардың жаз ғыш
бұлшық еттерінің тонусы жоғарылап,
артқы аяқтардың жазғыш еттерінің
тонусы төменде
ген. Басты төмен
иген кезде алдыңғы аяқтың жазғыш
еттерінің тонусы төмендеп, артқы аяқ
еттерінің тонусы жоғарылайды. Басты
оңға не солға бұрғанда, бас бұрылған
жақтың аяқ тарының жазғыш еттерінің
тонусы жоғарылаған (212-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: