Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет442/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

216-сурет. Торлы құрылымның белсендіру-

ші жүйесі: 

1 - торлы құрылым; 2 - таламустың 

жалпылама ядролары; 3 - көпір; 4 - сопақша ми

 



586

улы жəне жалпылама афференттік жүйелер арқылы қабылдайды. 

Бұл жүйелер ортақ əсердің салдарынан кез келген рецептордың 

тітіркенуі нəтижесінде қозады. Бірақ жалпылама афференттік 

жүйе импульстерді өткізудің қосымша, айналма жолы болып 

табылады. Арнаулы жүйе арқылы келген импульстер белгілі 

түйсік тудырса, жалпылама жүйе ми қыртысы нейрондарының 

белсенділігін арттырып, олардың қызметінің атқарылуына жағдай 

туғызады. Торлы құрылымның афференттік жолын толығымен 

қиып тастаса организм ессіз күйге (кома) көшіп, соңынан өліп 

қалады. Ал, осы жол жарым-жартылай қиылса, ұйқышылдық, 

селқостық байқалады.

Торлы құрылым ми қыртысымен қос бағытты байланыста бо-

лады. Ми қыртысы торлы құрылым нейрондарынан импульстер 

қабылдап қана қоймай, оның афференттік жүйесінің қызметін 

не жандандырып, не тежеп отырады. Демек, үлкен ми жарты 

шарларының қыртысы торлы құрылымның қызметін басқарып, 

бағыттап отырады.



Торлы құрылымның төмендеу жүйесі арқылы ортаңғы ми 

мен сопақша мидан жұлынның мотонейрондарына бұлшық ет 

қызметін күшейтетін немесе тежейтін импульстер жіберіледі. 

Сон дықтан торлы құрылымның төмендеу жолдары белсендіруші 

жəне тежеуші болып екіге бөлінеді. Торлы құрылымның төмендеу 

жүйесі вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары арқылы ішкі 

ағзалардың қызметіне де əсер етеді. Торлы құрылым жүрек пен 

қан тамырларының, тыныс алу ағзаларының, ас қорыту жолының, 

бөлу мүшелерінің, ішкі секреция бездерінің, əсіресе, гипофиздің 

қызметін реттеуге қатысады. Ортаңғы ми мен сопақша мидың 

торлы құрылымын тітіркендіргенде гипофиздің алдыңғы бөлімі 

гормондарының бөлінуі күшейеді.

Ми сабағы деңгейінде торлы құрылымның өрлеу жəне тө-

мендеу жүйелері бірін-бірі жауып, бүркеп жатады. Осымен бай-

ланысты өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің белсендіруші немесе 

тежеуші бөлімдерімен бір мезгілде қозуы мүмкін. Егер өрлеу 

жүйесі төмендеу жүйесінің тежеуші бөлімімен бір мезгілде 

қозса, ми қыртысының талдау жəне жинақтау (анализдік 

жəне синтездік) қызметі күшейеді де, жұлын мотонейронда-

ры қызметі тежеледі, сақтық артады, жануар қоршаған орта 

жағдайын бағалағаннан кейін ғана əрекет басталады. Ал торлы 

құрылымның өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің белсендіруші 

жолымен бір мезгілде қозса, онда рефлекстер күшейеді, бірден 

əрекет туындайды.




587

Торлы құрылым əртүрлі гуморальдық əсерлерге өте сезімтал. 

Оның алдыңғы бөліктерінде катехоламиндер (адреналин мен 

норадреналин) бөлетін нейросекрециялық торшалар табылған. 

Алдымен торлы құрылым торшалары əртүрлі рецепторлардың 

тітіркенуі салдарынан қозса, одан əрі олардың қозғыштығы осын-

да бөлінген адреналин мен норадреналиннің əсерімен жалғасады. 

Демек, вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі мен 

торлы құрылым арасында күрделі байланыс қалыптасқан. Торлы 

құрылым ми қыртысының белсенділігін арттырса, вегетативтік 

жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі эндрокриндік жүйенің 

қызметін өзгертеді, адреналиннің бөлінуін үдетіп, шеткі орган-

дардың жұмыс қабілетін күшейтеді.

Торлы құрылым нейрондары əртүрлі химиялық заттарға да 

сезімтал. Аминазин, резерпин, түрлі есірткілер (наркоздық зат-

тар), ұйықтататын заттар олардың қызметін тоқтатып, ми қыр-

тысына бағытталатын импульстерді бөгеп тастайды.

Торлы құрылыммен түрлі эмоциялар - үрей, рақаттану, ызала-

ну, т.с.с. байланысты. Гипоталамус аймағындағы торлы құрылым 

ядроларын дəлдеп тітіркендіру арқылы үрей, ыза, рақаттану эмо-

цияларын тудыруға болады (217-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет