Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Аралық ми жəне оның қызметі



Pdf көрінісі
бет438/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

 

19.3.4. Аралық ми жəне оның қызметі

Аралық ми ортаңғы мидың алдында, алдыңғы (соңғы) мидың 

жолақ денелерінің артында орналасып, аталған құрылымдарды 

бір-бірімен байланыстырып тұрады. Оның құрамына көру 

төмпегі - таламус, төмпек асты аймақ - гипоталамус жəне төмпек 

қосалқысы - эпиталамус енеді.



Көру төмпегі (таламус) - аралық мидың негізгі бөлігі. Ал-

дыңғы жағынан ол құйрықты ядромен, ал артқы жағынан төрт 

төмпешікпен жанасады. Көру төмпегінде сұр заттан түзілген 

213-сурет. Опти-

калық тұлға тү-

зеу рефлексі 



581

көптеген ядролар (40-қа жуық) шоғырланады. Олар алдыңғы, 

медиальдық жəне латеральдық болып бөлінеді.

Көру төмпегі - мидың ең көне бөлігі. Оны мидың негізгі 

ақпараттық орталығы деп есептейді. Таламус құрамына енетін 

имек денеге көру жəне есту анализаторларынан бағытталған 

импульстер келеді. Үлкен ми жарты шарларына бағытталған 

барлық афференттік импульстер (иістік импульстерден басқа) 

көру төмпегі арқылы өтеді, осыдан ол афференттік импульстер 

қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, пропи-

ро-, термо-, ауырсыну, дəм сезу рецепторларынан бағытталған им-

пульстер тоғысады, сондықтан көру төмпегі зақымданса, рецеп-

ция (рецепторлардың тітіркенуін қабылдау) бұзылады. Мұндай 

жағдайда, бірде қатты ауырсыну түйсігі пайда болып, кейде 

сезімталдық тіпті, жойылып кетеді. Таламустық ауырсыну сезімі 

не күшті, не əлсіз болуы мүмкін, бірақ онда айқын, анық сипат 

болмайды. Ауырсыну түйсігі толастамайды жəне емге көнбейді. 

Осымен байланысты таламусты соңғы кезге дейін ауырсыну 

түйсігінің орталығы деп санап келді. Дегенмен, көп зерттеушілер 

ауырсыну орталығы үлкен ми жарты шарлары қыртысында орын 

тепкен, ал таламуста тек аралық қосымша орталық орналасады 

деп есептейді.

Қызметі жағынан таламус ядролары телімді (арнаулы) жəне 

жалпылама болып екі топқа бөлінеді. Телімді ядролардан тара-

ған импульстер ми қыртысының үшінші немесе төртінші қа-

батының нақтылы сезімтал (сенсорлық) жəне жалғастырғыш 

(ассо циативтік) аймақтарына шоғырлана бағытталады. Ал жал-

пылама ядролардан тараған импульстер ми қыртысына шашырай 

жайылады да, оның көп бөлігін қамтиды (214-сурет).

Таламус ядролары қосушы жəне жалғастырушы болып та 

бө лінеді.  Қосушы ядролар импульстерді белгілі бір рецептор-

лардан ғана (мысалы, көру, есту рецепторларынан) қабылдайды, 

ал  жалғастырушы ядролар таламустың 

қосушы ядроларынан тараған импульс-

терді қабылдайды. 

Таламус тек афферентік импульстерді 

мидың жоғарғы бө 

лімдеріне бағыттай-

тын құрылым ғана емес, сонымен қатар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет