593
(ұршық тəрізді) торшалар құрайды. Олардың ұзын аксондары
горизонтальды, не тік бағытта жайылады. Жоғарыда аталған ней-
рон топтарының денесі мен өсінділері белгілі ретпен орналасады
да, ми қыртысы алты горизонтальды қабатқа бөлінеді (223-су-
рет).
Ең сыртқы қабат - қыртыстық (молекулалық) қабат деп
ата
лады. Ол тереңірек жатқан пирамидалық торшалардың ми
қыр
тысының беткейіне параллель жайылған апикальдық ден-
дрит терінің тығыз торынан құралады. Осы қабатта қыртыс ней-
рондарының қоз
ғыш тығын реттейтін тал амустың жалпылама
ядроларының аффе
ренттік таламус-қыр
тыс
тық талшықтары да
тарамдала жайылады.
Екінші - сыртқы дəнді қабат, майда жұлдызша торшалардың
жиынтығы болып табылады. Бұл қабаттың вентральдық бөлігінде
ұсақ пирамидалық торшалар да орналасады.
Үшінші - сыртқы пирамидалық торшалар қабаты, орта-
ша мөлшерлі пирамидалық торшалардан құралған. Екінші жəне
үшінші қабат торшаларын өсінділері қыртыс-қыртыстық жалғама
жолдар құрайтын нейрондар біріктіреді.
Төртінші - ішкі дəнді қабат, көптеген түйіршіктер түзетін
жұлдызша торшалардан құралады. Ми қыртысының бұл қаба-
тында таламустың арнаулы ядроларынан басталатын таламус-
қыртыстық жолдың афференттік талшықтары аяқталады.
Бесінші - ішкі пирамидалық торшалар қабаты, ірі пира-
Достарыңызбен бөлісу: