Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сызба. Орталық жүйке жүйесіндегі қозғағыш құрылымдардың бай-



Pdf көрінісі
бет444/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   542
15-сызба. Орталық жүйке жүйесіндегі қозғағыш құрылымдардың бай-

ланыстары

220-сурет. Қыртыс асты (базальдық) ядролар жүйесі


590

қыртысынан афференттік импульстер қабылдап, өзі бозғылт 

ядроның қызметін реттеп, оның шартсыз рефлекстік əрекетін 

жартылай тежеп отырады. Үй жануарларында жолақ дене қи-

мыл мүшелерінің қызметін реттейтін қыртыс асты реттеуші, 

үйлестіруші орталық. Жолақ денеде зат алмасу, жылу түзу, жылу 

бөлу процестерін, қан тамырлары арнасының қалпын басқаратын 

жоғары вегетативтік үйлестіруші орталықтар орналасады деген 

болжам бар.

Бозғылт ядро - қимыл əрекеттерін реттейтін қозғағыш ядро. 

Ол ортаңғы жəне артқы ми орталықтарының қызметін бағыттап, 

үйлестіріп отырады, қызыл ядроның қызметін тежейді. Қыртыс 

асты түйіндер баяу қимылдардың (жүру, кедергіден аттау, ба-

сты бұру, т.с.с.) атқарылуын реттеп, қимыл-əрекеттің дəлдігін, 

мақсатқа сəйкестігін бағалап, бақылап отырады деген болжам 

бар.

Ми қыртысы нашар дамыған жануарларда қыртыс асты 



түйіндер мен таламус орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімін 

құрайды. Мысалы, құстарда олар тек туа қалыптасқан ғана емес, 

жүре пайда болған рефлекстерді де қамтамасыз етеді.

Қыртыс асты түйіндер түрлі инстинктердің (дағдылы əрекет-

тердің) атқарылуын қамтамасыз етеді. Инстинкт деп туа қа лып-

тасқан, табиғи мінез-қылықтардың жиынтығын айтады. Олар 

организмнің тіршіліктік маңызы зор қоректену (қоректік инс-

тинкт), зақымдаушы əсерлерден сақтану (қорғану инстинкті), 

ұр пақ жалғастыру (жыныстық жəне ата-аналық инстинкт), т.с.с. 

функцияларының атқарылуын қамтамасыз етеді.

Барлық инстинктердің физиологиялық негізін орталықтары 

қыртыс асты түйіндер (жолақ дене) мен аралық ми ядроларын-

да орналасқан шартсыз рефлекстердің күрделі тізбегі құрайды. 

Қалыпты жағдайда инстинктер ми қыртысы мен қыртыс асты 

түйіндер орталықтарының үйлесімді əрекеті нəтижесінде атқа-

рылады да, күрделі шартсыз рефлекстерге көптеген рефлекстер 

жиынтығы қабаттасып кетеді.

Лимбика жүйесі. Лимбика жүйесі деп ішкі органдар қыз-

ме тін реттейтін, мінез-қылықтың эмоциялық көрінісін тудыра-

тын алдыңғы ми қыртысының филогенездік тұрғыда ерте да-

мы ған бөлімдері мен бірқатар қыртыс асты құрылымдардың 

морфофункциялық бірлестігін айтады. 

Лимбикалық жүйе атауы латынның «лимбус» - көмкерме, 



жиек деген сөзінен алынған. Ол ми сабағын қоршай орап жатады. 

Оның бұрынғы иістік ми деген аты бұл құрылымның табиғатына, 




591

мə ніне сай емес. Қазіргі көзқарасқа сəйкес лимбика жүйесінің 

құрамына үлкен ми жарты шарларының ішкі, медиальды жағында 

орналасқан белдеулік қатпар, гиппокамп қатпары, гиппокамп, 

ілгек тəрізді қатпар, бадамша кешен, еміздікше дене, күмбез, 

көру төмпектерінің алдыңғы ядролары сияқты құрылымдар енеді 

(221- сурет).

Лимбикалық жүйе вегетативтік процестерді реттеуге қаты са-

ды. Ол барлық ішкі ағзалардан афференттік импульстер қабыл-

дайды да, гипоталамус пен вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі 

бөлімдері арқылы ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасу процесін, 

ішкі секреция бездерінің қызметін реттейді, үйлестіреді, орга-

низмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қалыптастырады. Осы 

себепті оны кейде висцеральдық ми деп те атайды.

Лимбика жүйесінде, гипоталамусте жəне торлы құрылымда 

организм эмоциясын басқаратын орталықтар орналасқан. Оны 

осы аталған құрылымдардың белгілі бір ядроларын тітіркендіру 

немесе зақымдау арқылы дəлелдеген. Мысалы, мысықтың бадам-

ша кешенін электр тогымен тітіркендіргенде, ол белін бүкірейтіп, 

пысқырып, көзін бадырайтып, агрессивтік мінез көрсеткен. Лим-

бика жүйесінің кейбір құрылымдарын хирургиялық операция 

арқылы алып тастағаннан кейін, қолға үйретілген жануар жабай-

ыланып кетеді. Лимбикада жағымсыз эмоциялар (ашу, ыза, үрей, 

т.б.), орталықтарымен қатар жағымды эмоциялар (рақаттану, ты-

ныштану, қуану, т.б.) орталықтары да орналасады жəне олар бір-

біріне өте жақын жатады.

Лимбика жүйесімен қоректік жəне жыныстық қозу процес-

тері де байланысты. Мысалы, бадамша ядролар зақымданғанда 

малдың тəбеті күшейіп, ол қатты семіреді. Белдемше қыртысы 

зақымданған ұрғашы егеу құйрықтардың жыныстық қызметі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет