баттары; /, 3, 5, 7, 12, 13, 15, 16 - ұзын аксонды афференттік жолдар; 2, 4, 6, 9,
594
мидалық торшалардан құралған. Ең ірі пирамидалық нейрондар
үлкен жарты шарлар қыртысының қозғағыш аймағында орнала-
сады да, олардың аксоны қыртыс-жұлындық (пирамидалық) жəне
қыртыс-сопақша ми жолдарын құрайды да, мақсатты қимыл мен
дененің қалпын сақтау реакцияларының үйлесімдігін реттейді.
Ең соңғы алтыншы қабат үлкен жарты шарлардың ақ заты-
мен тікелей жанасатын жəне солармен араласып кететін əртекті
(полиморфты) немесе
шүйкелі (ұршық тəрізді) торшалардан құ-
ралады. Бұл қабат нейрондарының өсінділерінен қыртыс-тала мус
жолы түзіледі.
Жоғарыда баяндалған алты қа-
баттық құрылым жаңа қыр тыс қа (не-
окортекске) тəн (224-сурет). Соны-
мен қатар ми жабынында құрылысы
қарапайым, торша қабаттары анық
бай қалмай, қыртыс асты құрылым-
дарымен тұтасып жататын аймақ
та бар. Мидың бұл бөлігін ежелгі
қыртыс (архикортекс) деп атайды.
Функционалдық тұрғыда бұл сезім-
тал (сенсорлық) құрылым болып та-
былады, онымен жануарларда ең ерте
дамыған иіс сезімі байланысты.
Үлкен ми жарты шарларының
бел
деулік иірім, гиппокамп, бадам-
ша орналасқан аймақтарында ми
қыртысы екі-үш қабат торшалардан
тұрады. Бұл - көне қыртыс (палео-
кортекс) аймағы. Көне қыртыс вегетативтік функцияларды (қан
айналым, ас қорыту, тыныс алу), жыныстық мінез-қылықты, эмо-
цияларды реттеуге қатысады.
Жаңа қыртыс - мидың барлық сенсорлық ақпарлары шоғыр-
ланып, моторлық аймақтар орын тепкен бөлімі. Электрофизио-
логиялық, гистологиялық зерттеулерге қарағанда, ми қыртысының
түрлі аймақтарының функционалдық маңызы əртүрлі. Ана
то-
миялық тұрғыдан ми қыртысы маңдай, төбе, шүйде жəне са-
май бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктердің əрқайсысы
сезімтал
(проекциялық) жəне
жалғастырушы аймақтарға жіктеледі. Ми
қыртысының арнаулы афференттік жолдар тірелетін бөліктерін
сезімтал (проекциялық, сенсорлық) аймақ дейді. Оларға сома-
тосенсорлық (төбе бөлігіндегі), көру (шүйде бөлігіндегі), есту
Достарыңызбен бөлісу: