597
Қосушы ядро – переключающее ядро
Құртша – червячок
Мишық – мозжечок
Ми қарыншасы, ми қуысы – мозговой желудочек
Ми қыртысы –
кора мозга
Ми сабағы – ствол мозга
Рефлекс өрісі, рефлекс алаңы – рецептивное поле
Статокинетикалық рефлекстер – статокинетические рефлексы
Сылып тастау, экстирпация – удаление, экстерпация
Сыртқы шүйкелік талшықтар – экстрафузальные волокна
Тепе-тендік рефлекстері – статические рефлексы
Тонустық рефлекстер – тонические рефлексы.
Төменгі зəйтүн –
нижняя олива
Тұлға түзеу рефлексі – выпрямительные рефлексы
Тіл-жұтқыншақ жүйкесі – языко-глоточный нерв
Үстіңгі, дорсальдық мүйіз – дорсальные рога
Үстіңгі, дорсальдық түбір – дорсальный корешок
Шүйкелі (ұршық тəрізді) торша – веретеновидные клетки
Ішкі шүйкелік талшықтар – интрафузальные волокна
598
20-т а р а у
ЖОҒАРЫ ДƏРЕЖЕЛІ ЖҮЙКЕЛІК ҚЫЗМЕТ
20.1. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің негізгі
түсініктері мен принциптері
Жануарлар мен адамның үлкен ми сыңарлары қыртысының
əрекетін жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет (ЖДЖҚ) деп атайды.
Жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет организмнің сыртқы ортаның
құбылмалы жағдайларына бейімделуін, демек, оның сыртқы
ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.
Жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет жануарлардың мінез-
қы лығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Оны
үлкен ми жарты шарлары қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс
асты ядролары мен аралық ми құрылымдары қамтамасыз етеді.
Функциялық тұрғыдан жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет
жануарлардың сыртқы орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуіне
мүмкіндік беретін табиғи туа қалыптасқан (инстинкт) жəне жүре
пайда болған механизмдердің (шартты рефлекстер) жиынтығы
болып табылады.
Мінез деп жануардың өзінің табиғи мұқтаждығы мен қор-
шаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күр-
делі əрекетін айтады. Ол-жануарға сыртқы орта мен өз ор
га-
низмінің ішкі күйін сезінуді, əртүрлі əсерлерге тиімді жауап
бе руді қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Бұл
процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке жүйесінің өзін-
де ғана жүреді, белсенді қимыл-əрекетпен жалғаспайды. Ал
кейбір жағдайда, керісінше, жануарда мықты белсенділік бай-
қалады. Осымен байланысты күні бүгінге дейін мінездік əре кет-
тердің түрлері (классификациясы) толық анықталмаған. Біраз
зерттеушілер мінезді қоректік, жыныстық, қорғаныстық, ата-
енелік деп бөледі. Күнделікті тіршілікте мінездің аталған түрлері
бір-бірімен ұштасып, бірінен-бірі туындап жатады.
Жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет шартсыз жəне шартты
рефлекстердің арақатынасына негізделген, сондықтан жануар-
лар дүниесінің даму жолында өзгеріп, күрделеніп отырған.
Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың
мінезінде табиғи, туа қалыптасқан əрекеттер жүре пайда бол ған
əрекеттерден басым болады. Жануарлар эволюциясына байла-
599
нысты жүре қалыптасқан əрекеттердің үлесі артады да, ол жоға-
ры дəрежелі жүйкелік қызметтің басым түріне айналады. Соны-
мен қатар шартты рефлекстер күрделеніп, байып, толықтырылып,
жетіле түседі де, олар организмнің сыртқы орта жағдайларына
бейімделуін қамтамасыз ететін реттеуші фактор болып шығады.
Сонымен, ЖДЖҚ - орталық жүйке жүйесінің, атап айтқанда
үлкен ми жарты шарларының шартты рефлекстік əрекеті. Ол
тұтас организм мен тіршілік ортасының арабайланысының дұрыс
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет жайлы ілімнің негізін
орыстың ұлы ғалымы И. П. Павлов салған. Ол үлкен ми жарты
шарының шартты рефлекстік əрекетінің негізінде үш принцип жа-
татынын анықтаған.
Олардың алғашқысы - құрылымдық принцип. Бұл принцип
бойынша үлкен ми жарты шарларының кез келген физиологиялық
əрекеті оның белгілі бір құрылымымен байланысты. Шартты
рефлекстік байланыс мидың байырғы, бірақ іске қосылмай кел-
ген материялық субстратының іске қосылуынан туындайды.
Жаңа уақытша байланыстың қалыптасуы нəтижесінде аталған
материялық субстраттың физиологиялық қасиеттері өзгеріп, ол
ми қыртысындағы анализаторлар орталығы мен эффекторларға
импульс жіберетін орталықтар арасындағы өткізгіш жолға айна-
лады.
Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің екінші принципі -
себептілік (детерминизм) принципі. Бұл принцип бойынша үлкен
ми жарты шарларының əрекеті белгілі бір сыртқы не ішкі əсердің
салдарынан туындайды. «Басту көзі» жоқ шартты рефлекстік ре-
акция болмайды. Сыртқы əсердің ерекшеліктері жоғары дəрежелі
жүйкелік қызметтің сипатын анықтайды, соған себепкер болады.
Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің үшінші принципі - тал-
дау (анализ) жəне жинақтау (синтез) деп аталады. Организм-
ге қалыпты жағдайда бір мезгілде бірнеше тітіркендіргіш əсер
етеді. Ми қыртысында осы тітіркендіргіштер жіктеліп, олардың
негізгі элементтері, құрамдары анықталады. Осындай талдаудың
нəтижесінде заттардың қасиеттері: түсі, пішіні, иісі, темпера-
турасы, т.с.с. анықталады. Талдаудан кейін жинақтау процесі
жүреді де, тітіркендіргіштің жеке элементтері топтастырылып,
жинақталады. Заттың жеке қасиеттері сол заттың тұтас бейнесіне,
нақтылы түйсікке айналады. Мысалы, тамақтың иісі, түсі, дəмі,
бейнесі ми қыртысында талданады да, белгілі бір астың түйсігі
пайда болады.
600
Талдау жəне жинақтау процестерін мидың əртүрлі құры-
лымдары атқарады. Талдау процесін аксондары қысқа жəне өз
тұлғасы тұсында көп тарамдар түзетін жұлдызша нейрондар
қамтамасыз етеді. Бұл нейрондарды
сезімтал нейрондар деп
атайды. Олар ми қыртысы əрекетінің материялық негізі болып
табылады. Сонымен қатар ми қыртысында аксондары тұлғасы
маңында тор құрамай вертикаль (тік) жəне горизонталь (жанама)
бағыттарда жайылып, аралық жəне жалғастырғыш пирамидалық
нейрондармен жанасатын жұлдызша нейрондар тобы да бола-
ды. Бұл нейрондар афференттік импульстерді аралық жəне жал-
ғастырғыш нейрондарға береді. Осының нəтижесінде түрлі əсер-
лерден нақтылы түйсік, сезім туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: