Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ми қыртысындағы тежелу процесі жəне оның түрлері



Pdf көрінісі
бет464/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   542
20.8. Ми қыртысындағы тежелу процесі жəне оның түрлері

Ми қыртысының қалыпты қызметі қозу жəне тежелу про-

цестерінің өзара əсері нəтижесінде қалыптасады. Қозу процесі 

шартты рефлекстің қалыптасуын қамтамасыз етсе, тежелу про-

цесі - оны өшіріп отырады. Тежелу процесі рефлекстік реакция-

ларды ретке келтіріп, жетілдіріп отыруға жағдай тудырады.

Ми қыртысында тежелудің шартсыз жəне шартты түрлері 

кездеседі.  Шартсыз тежелу орталық жүйке жүйесінің кез кел-

ген бөлімінде байқалады, ол бүкіл жүйке жүйесіне тəн құбылыс. 

Шартсыз тежелу шапшаң пайда болады да, онша ұзаққа созыл-

майды. Тежелудің бұл түрі сыртқы тежелу жəне шектеу болып 

бөлінеді.



Сыртқы тежелу. Ми қыртысында əртүрлі ішкі немесе сыртқы 

тітіркендіргіштердің əсерінен жаңа қозу ошағы пайда болса, онда 

теріс индукцияның əсерінен қыртыстың басқа аймақтарының 

қозғыштығы төмендейді, оларда тежелу процесі басталады. Те-

желудің бұл түрін индукциялық немесе сыртқы тежелу деп 

атайды. Мысалы, итте қоңырау дауысына шартты сілекей бөлу 

рефлексі қалыптасқан дейік. Қоңырау соғылған кезде кенеттен 



619

бір бөгде дыбыс пайда болса (есік сарт етіп жабылса), сілекей 

бөлінбейді. Малдың бір жері ауырса, қуығы зəрмен кернелсе, 

қалыптасқан шартты рефлекс дұрыс атқарылмайды.



Шектеу. Организмге əсер ететін тітіркендіргіш күші тым 

артып немесе əсер мерзімі жорықсыз созылып кеткен жағдайда 

шектеу байқалады. Мысалы, қоңырау даусына шартты рефлекс 

қалыптасқан дейік. Егер қоңырау дауысы тым күшейтілсе (си-

рена) немесе ол тоқтамай ұзақ соғылса, рефлекс атқарылмайды. 

Оның себебі жүйке торшаларының əрекет атқару мүмкіндігінің 

белгілі шегі болады. Тітіркендіргіш күші не оның əсер мерзімі 

шектен асып кеткенде ми қыртысында дамыған парабиоз процесі 

тежелу сатысына дейін тереңдейді де, жүйке торшаларында 

қозу процесі тежелумен алмасады. Қыртыс торшаларының ла-

бильділігі төмен болады, сондықтан олар тежелу күйіне оңай 

көше алады. Шектеудің қорғағыштық маңызы бар, ол жүйке тор-

шаларын істен шығудан, орынсыз ширығудан сақтайды.

Шартты немесе ішкі тежелу ми қыртысына ғана тəн құ-

былыс. Ол ми қыртысының шартты рефлекстік қызметімен бай-

ланысты.

Шартты тежелу біртіндеп қалыптасады да, ұзақ мерзімге 

сақталады. Ол шартты-бейтарап тітіркендіргішті шартсыз тітір-

кендіргішпен демемей, нығайтпай қойған кезде пайда болады. 

Демелмеген тітіркендіргіш алдында өзі қозу процесін тудырған 

жүйке торшаларында тежелу процесін өршітеді. Демек, шарт-

ты тітіркендіргішпен байланысты орталық басқа орталықтың 

əсерімен емес, өзінде жүретін процестердің салдарынан тежеледі, 

сондықтан да, оны ішкі тежелу деп атайды.

Шартты (ішкі) тежелу өшу, жіктеу (дифференциялану), бөгеу, 

шартты тежеу болып бөлінеді.

Өшу - шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен де-

мемей, бекітпей қоюдың нəтижесінде туындайды. Егер шартты 

тітіркендіргішті жиі-жиі қайталап, оны шартсыз тітіркендіргішпен 

бекітпей қойса, шартты рефлекс күші бірте-бірте əлсіреп, соңынан 

ол тиылып, өшіп қалады. Бұл жағдайда шартты сигнал əсерімен 

шартты рефлекс орталығында қозу процесі емес, тежелу процесі 

туындайды. Рефлекстің өшу жылдамдығы оның беріктігіне бай-

ланысты. Ерте қалыптасқан, жақсы бекітілген рефлекстер жаңа 

пайда болған рефлекстерге қарағанда, баяу өшеді.

Егер рефлекс өшкеннен кейін шартты тітіркендіргіш əсерін 

біраз уақытқа доғарсақ, онда шартты рефлекс қайтадан қалпына 

келеді. Аз мерзімдік үзілістен кейін шартты сигнал шартсыз 

тітіркендіргішпен демелмей-ақ жауап реакциясын тудырады. Де-



620

мек, өшу кезінде шартты рефлексті қамтамасыз ететін механизм 

жойылмайды, тек ішкі тежелу салдарынан ол уақытша əрекеттен 

шығарылады.



Жіктеу - бір-біріне ұқсас екі шартты тітіркендіргіштердің 

бірін бекіту, бірін бекітпеу нəтижесінде қалыптасады. Мысалы, 

итте метрономның минутына 100 рет жиілікпен соғуына шарт-

ты сілекей бөлу рефлексі қалыптасқан дейік. Осыдан кейін ме-

трономды минутына 96 рет соғатын жылдамдыққа қойып, оны 

шартсыз тітіркендіргішпен (тамақпен) ұштастырмай қою керек. 

Алғашқы кезде ұқсас екі тітіркендіргіш те жауап реакциясын туды-

рады. Бірақ бірнеше рет қайталаудан кейін екінші тітіркендіргіш 

(96 соққы) жауап реакциясын тудырмайды, ол шартты тежегіш 

тітіркендіргішке айналады. Оның əсерімен ми қыртысында теже-

лу процесі туындайды.

Бөгеу. Егер шартты сигнал əсерінің басталу мерзімі мен оны 

шартсыз тітіркендіргішпен ұштастыру уақыты алшақтау бол-

са (2-3 минут), онда шартты рефлекстің басталуы дəл осындай 

мерзімге бөгеледі. Бұл жағдайда шартты тітіркендіргіш əсері екі 

сатыға - əрекетсіз жəне əрекетті, бөлінеді. Бастапқы əрекетсіз са-

тыда шартты сигналдың əсерімен шартты рефлекс орталығында 

тежелу процесі туындайды да, жауап реакция бөгеледі. Осыдан 

кейін бірінші саты аяқталып, тежелу тиылады да, қозу басталады, 

əрекет атқарылады.

Шартты тежеу. Егер шартты рефлекс тудыратын тітір-

кендіргішке тағы бір бөгде тітіркендіргіш қосып, оны шартсыз 

тітіркендіргішпен ұштастырмаса, онда бұл қосарланған тітір-

кендіргіш əрекет тудырмайды, тежелудің туындауына себепкер 

болады. Мысалы, метроном дыбысын шартсыз тітіркендіргішпен 

ұштастырады. Ал метроном мен қоңырау тіркесін шартсыз тітір-

кендіргішпен ұштастырмайды. Алғашқыда бұл тіркес метроном-

ды жеке қолданғандағыдай рефлекс тудырады. Бұл генерализа-

ция (жайылу) құбылысымен байланысты. 

Тəжірибені əрі қарай жалғастыра берсе, онда метроном мен 

қоңырау тіркесі өзінің оң сигналдық мəнін жоғарылатады, реф-

лексті тежейді, ал жеке қолданылған метроном шартты рефлексті 

тудыра береді. Демек, жануар шартты тітіркендіргіш əсерін де-

мелмейтін тітіркендіргіштер тіркесінен ажырата алатын болады. 

Қалыптасу механизмі жағынан шартты тежеу жіктеуге ұқсас. Бұл 

жағдайда бір-біріне біршама ұқсас тітіркендіргештер жіктеледі.

Шартты тежеу қосалқы тітіркендіргіш пен оң əсерлі шартты 

тітіркендіргіш мерзім жағынан қабаттаса əсер еткен жағдайда 

ғана туындайды. Егер қосымша тітіркендіргіш əсері оң шартты 



621

тітіркендіргіш əсерінен аз ғана уақыт (10 сек) бұрын тиылса, онда 

екінші реттік шартты рефлекс қалыптасады.

Қорыта келгенде, ішкі тежелу шартты рефлекс доғасы орта-

лықтарының арасындағы байланыстың жойылуының салдары-

нан пайда болады. Демек, ішкі тежелудің негізгі биологиялық 

маңызы оның ми қыртысын тіршіліктік маңызын жоғалтқан 

шарт 


ты рефлекстік байланыстардан тазартуында. Ішкі теже-

лу арқылы организм көптеген маңызсыз шартты рефлекстерден 

ары лады. Шартты рефлекстердің тежелуі нəтижесінде организм 

сыртқы орта жағдайларына дəлірек бейімделеді, үлкен ми жарты 

шарларында талдау жəне жинақтау процестері дəл жəне нақтылы 

атқарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет